• Мәдениет
  • 09 Қыркүйек, 2021

Тұрақтылық табиғаты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына ­Жолдауы – біздің еліміздің кез келген тұрғыны үшін аса маңызды оқиға. Қазақстан Республикасының халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын Алматы облысының медиаторларымен бірге талғарлық ұйғыр этносының өкілдері де ерекше ықыласпен тыңдап, қабылдадық.

Мемлекет басшысы Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басымдықтары туралы айтты. Президенттің еліміздің дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдауда нақты саяси бағыттар айқын көрсетілді. Мемлекет соңғы уақытта әлеуметтік мәселелерге жиі көңіл аударып жатыр. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақы да бар. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Өте жақсы бастама, оның үстіне үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өткір. Осы орайда үйдің бағасы өспесе екен деген тілек бар. Өйткені зейнетақы жинағы әркімде әрқалай, бәрінікі бірдей пәтер алуға жете бермейді. Қарапайым халықты толғандыратын басты мәселе, азық-түлік бағасы. Иә, биліктің бағаны өсірмеу жолында жұмыс істеп жатқанын білеміз. Енді алдағы уақытта осы айтылған тапсырмалар өз деңгейінде атқарылуы тиіс. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Жолдауда елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды. Себебі мемлекетімізде 130-дан аса ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл біздің басты құндылығымыз әрі байлығымыз. Осы берекені сақтап қалу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Сондықтан белгілі ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруіне жағдай жасалуын да Мемлекет басшысы тілге тиек етті. Жалпы егемендік алғалы елімізде ұлтаралық келісім мен тұрақтылық деңгейі үнемі жоғары бағаланып келеді. Бұған барлық қазақстандық тең дәрежеде үлес қосып келе жатқандығын ерекше атап өтсек болады. Бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқанына баршамыз куә болып келеміз. Біздің басты жетістігіміз де осы. Бұл жетістігімізге өзге мемлекеттер қызыға әрі қызғана көз салады. Олар біздің елге іріткі салмауы үшін елдегі ішкі тұрақтылықты бекем ұстауымыз қажет. Бейбіт күнде, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, достыққа бекем, татулықтың тұғырын үнемі биік ұстайтын, өз елінің нағыз патриот азаматтарын бірлесе тәрбиелеуіміз керек. 

Гульбанум БАКИЕВА, 
Талғар ауданы ұйғыр этномәдени 
бірлестігінің хатшысы

1350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы