• Қоғам
  • 23 Қыркүйек, 2021

Бес бастама – нақты мәселенің шешімі

Нұржан Жетпісбаев,
 «Jas Otan» ЖҚ  төрағасы 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы әлемдік пандемия салдарынан туындаған қоғамдағы жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Президент өз Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады. 

Сапалы білім – келешектің кепілі, сондықтан ұстаздың университет қабырғасында алған білімі жеткіліксіз, оны уақыт талабына сай жетілдіріп, толықтырып отырудың маңызы ескертілді. Себебі бүгінгі адамның ой-санасын технология билеп тұрған заманда оқушылар мен студенттер интернет желісі арқылы түрлі дағдыларды үйреніп, білім беру ұйымындағы оқу үрдісіне аса қызығушылық танытпауы мүмкін. Сондықтан Президент атап өткендей, білім бағдарламаларын заман талабына сай өзгертіп отыру қажет.
Одан бөлек, біз БҚО бойынша «Бола­шақ» қауымдастығымен NEET санатындағы жастарды әлеумет­тен­діруге бағытталған жобаны іске асырып жатырмыз. Осы орайда Президент атап өткендей, оның 237 мыңы назардан тыс қалып қойып жатады. Тегін  техникалық және кәсіптік білім беруді 100%-ға жеткізу маңызды қадамға айналмақ. 
Еңбек және бәсекеге қабілет­тілік – бір-бірінен ажырағысыз ұғым, осы орайда еңбек нары­ғында жаңа экосистеманы қалып­тастырып, автоматтандыру, цифр­ландырумен байланысты жаңа кәсіпті үйрену маңызды. Бұл мәселеге қатысты Президентіміз «Кәсіби біліктілік туралы» заңның қажеттігін атап өтті.
Жастар – саяси модерниза­цияның қозғаушы күші. Өткен Мәжіліс және мәслихат депутат­тарының сайлауында  сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыз квота бөлінген болатын, жақында өткен ауылдық округтердің әкімдері сайлауында да жастардың үлесі басым болды. 
Көріп отырғанымыздай, бір жағынан жастар – саяси модер­ни­зацияның қозғаушы күші болса, екінші жағынан, саяси модернизация – жастардың саяси белсенділігін арттыру кепілі.  Біз жастардың бел­сенділігін арттыру арқылы, оларды қуатты, прогрессивті мемлекетті қалыптастыруға тартамыз.
Біз әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз, сондықтан бейбітшілік пен келісім қоғамның әр мүшесінің өмірінің маңызды бөлігі. Келісім мен толеранттылық орнаған жерде прогресс болады. Президент атап өткендей, бұл Қазақстан халқына тән нәрсе.
Қазақстанның әр азаматы мемле­кеттік тіл – қазақ тілінде ойлап, сөйлеп қана қоймай, бірнеше шет тілін де білуі тиіс. Біз өз тілімізді, тарихымызды, мәдениетімізді құрметтей отырып, әлемдік трендтерден хабардар болып, басқа елдердің құндылықтарын үйренуіміз керек екенін де түсінеміз. Осылайша, біз өз Отанымыздың аумағында ғана бәсекеге қабілетті болып қоймай, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті мемлекетті құрамыз.
Жас және талантты мүсіншілер, суретшілер, музыканттар, жазушыларды Президенттің Креативті индустрияны қолдау қорын құру идеясы қуантқанын айта кетуіміз керек. Біз мәдениет саласының көптеген жас өкілдерін білеміз, олар өз таланты арқылы елімізді әлемге танытып жатыр. Олар мемлекеттің қолдауына мұқтаж.
Президенттің бес бастамасы – халықтың нақты мәселелерінің шешімі екені айқын. Пандемия кезінде жасотандықтар азық-түлік себеттерін тарату барысында, дерттің қазақстандықтарға қалай әсер еткенін өз көзімен көрді. Көп адам табыссыз қаламыз деп ­уайымдады. Сол кезде біз ең төменгі жалақының мәселесі өзекті екенін түсіндік. ЕТЖ мөлшерін ұлғайту, сондай-ақ бизнесті өз жұмыс­шыларының жалақысын көбейтуге ынталандыру шаралары халық үшін керек нәрсе болды. Және бұл халық­тың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.
Мәдениет саласының қыз­мет­керлері, мұрағатшылар, кітап­­ха­нашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, жүр­­гізушілер көзге көріне бер­мейтін, қоғам жете бағала­майтын жұмыстарды орындайды. Біз олардың қазақстандық мәдениетті, құн­дылықтарды сақтауға және наси­хаттауға қандай үлес қосып жатқанын білеміз. Сондықтан да бұл жолы олар Президенттің наза­рынан тыс қалған жоқ. Осы санаттаға азаматтық қыз­метші­лердің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыру жастардың да аталған салаларда жұмыс істеуге қызығушылығын арттырады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар қазіргі кездегі қоғамның мәселелерін шешуге бағытталған. Біз ертеңгі күнге сенімді болғымыз келсе, халықтың әл-ауқаты үшін барлық жағдайды жасауымыз қажеттігін түсінуіміз керек.

809 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы