• Мәдениет
  • 30 Қыркүйек, 2021

МӘДЕНИ АСТАНАДА ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ

Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанған Көкшетау қаласында еліміздің әйгілі өнер ұжым­дарының бірі – Мұхтар Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры 23-28 қыр­күйек күндері гастрольдік сапарда болды. Әрине, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов (театрдың көркемдік жетек­шісі) бастаған әртістер қауымын сұлу Көкше халқы құшақ жая қарсы алды.

Алты күнге созылған сапарда ұсынылған қойылымдардың авторлары да осал емес: Дулат Исабековтің «Жаужүрек», «Жүз жылдық махаббат», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді», Исрайл Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша сахналанған «Қара» драмасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әлемді жайлаған індет жағдайында жұрт театр атаулыны ұмыта бастағандай еді. Сақтық шаралары сақтала отырып жүргізілген спектакльдер, шынайы бір өнер мерекесіндей әсер қалдырды. 

Д.КӘМЕЛХАНҰЛЫ

 

1958 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы