• Білім және ғылым
  • 07 Қазан, 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚУАТЫ

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында облыстық іс-шаралар ­жоспарына сәйкес Семей  қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры З.Исабаеваның басшылығымен  «Тіл – тәуелсіздігіміздің қуаты» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Төлемісова, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры  Әсемгүл Қалтаева, ­Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары  Юрий Пазына, Zoom платформасында Шығыс Қазақстан облыстық Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, мамандары, тыңдаушылары онлайн түрде қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Төлемісова құттықтау сөз сөйлеп,  шараның өтуіне ықыласын білдірді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев «Мемлекеттік тілге – мемлекеттік көзқарас» тақыры­бында баяндама  жасады. Баяндамада «Тәуелсіздікті алу бір басқа, оны сақтап қалу одан да қиын» деген Елбасының тарихи деректерінен дәлел келтірілді. Жастарымыздың, өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір ­алысуы – тәуелсіздігіміздің жемісі, тәуелсіздігіміздің сыйы. Президент Жолдауындағы  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын атап өтіп, мемлекеттік тілге – мемлекеттік көзқарастың өзгергенін, Шығыс Қазақстан, Семей бойынша дұрыс жолға қойылғанын айта отырып, қазақ тілінің болашақ жастардың қолында екенін,  тек ниет пен пиғыл болса ертең-ақ қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын сеніммен дәлелдеп баяндады. Семей қаласы Полиция басқармасы сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Сәуле Түсіпова «Мемлекеттік тілді меңгеру – азаматтық парыз», М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры  Шағангүл Жанаева «Оқу орнында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметін қалыптастыру», М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті, қалалық «Бірлік» клубының мүшесі Ягель Мария «Мемлекеттік тілді білу – заман талабы» тақырыптарында ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында  Тәуелсіздігіміз туралы терең ой қозғалып, жас ұрпақтың санасына тәуелсіздік ұғымымен қатар, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге, оның қадір-қасиетін сақтау  қажеттігін, аға ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен өмірлік тәжірибесі үлгі болатыны туралы пікір айтылды. Баяндамашылар Алғыс хатпен марапатталды.

А.Дәркенбай,

Семей қаласы Тілдерді

оқыту орталығының қызметкері

2194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы