• Руханият
  • 14 Қазан, 2021

ЕЖЕЛГІ АҚЫНДАР ДҰҒАСЫ

ДЕН (ДІН) – ЕЖЕЛГІ АҚЫНДАР МЕН ЗАРАТУШТРА (ЗАР АЙТУШЫ) ДҰҒАЛАРЫНЫҢ РУХАНИ ТҮЙІСУІ

Соңғы жылдары халықтың рухани түп-тамырын, сенімнің қайнар көзі мен ол туралы ілімді зерттеуге баса назар аударылды. Қазақстанда зороастризм дінінің каноны – «Авестаға» біртіндеп қызығушылық артып келе жатыр. Әлкей Марғұлан, шамасы, Ленинградта шығыстану институтында (1928 ж.) оқып жүрген кезінде осы еңбекпен танысқаннан кейін, «Авестаның түп-тамырын даланың терең тарихынан іздеу керек», – деп жазды, оның ойынша осы еңбекті ең алғашқыда дала халқы жасаған. Осы шығарманың кейбір аспектілеріне арналған монографиялық еңбектер (Т.Еңсегенұлы, С.Оспанов), мақалалар (Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, У.Шалекенов және т.б.) пайда болды.
Оның қалыптасқан дәстүрге байланысты бекітілген «Авеста» атты төлнұсқа ­атауы қызығушылық тудырды. Зороастрлық кітаптардың каноны – «Авеста» атауы пехлевилік aβastāγ сөзінің «пазендтік» айтылуынан бастау алады. Зерттеушілер Авеста сөзінің нақты этимологиясы белгісіз екенін айтады.
Ал бірқатар қазақ ғалымдары Авеста сөзіне өз нұсқаларын ұсынды. Олар қазақ тілінде «Абаста», «О бастан» деген «Бастапқыда» мағынасын білдіретін сөздер бар екендігін негізге алады. Тоқболат Еңсегенұлының жобалауынша, ­«Авеста» бастапқыда «О баста», «Әу баста» деп аталған. С.Оспанов та осы нұсқаны ұстанады. Бұл нұсқа, біздің ойымызша, осы еңбектің мәні мен пехлевилік мағынасына жақынырақ.

«Авеста» сөзінің алғашқы түсіндірмелері оның пехлевилік тілден (парфяндық) [upastāka] шыққанын көрсетіп, оның жинақ, бекітілген нәрсе екенін баса айтады; мағынасы жағынан грекше κανών (канон) сөзіне жақын. Ал дәстүрді тасымалдаушылардың өздері Авестаны «діни қаулы», «діни кітап» деген мағынаны білдіретін Den [dēn] – сенім) деп атайды. Зерттеушілер dēn сөзі діни мәтіндердің жиынтығын білдіретін abestāg (яғни Авеста) сөзінің синонимі ретінде кеңінен қолданылатынын айтады. Егер авестийлік daēnā – өзі мәтіндік сипатқа ие болса, ал қасиетті мәтіндер рәсімде «өмір» дегенді білдіреді (bahmanjon.livejournal.com).

Ғасырлар бойы ауызша айтылып келген, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде беріліп отырған Авестаның қолжазба түрінде Дён атауын алған, жазбаша мәтіндерінің болуы қосымша дәлелдерді, сенімді айғақтарды қажет етеді. «Вахви даэна маздаясни» – «Маздаға табынушылардың адал ниеті» сияқты әнұрандар мен дұғаларды мазмұндау дәстүрлерінде олардың ауызша немесе жазбаша мәтін екенін көрсетпейді. Дён сөзінің мәтіндік сипаты туралы болжам гипотеза болып қала беретін сияқты.

Өз аңыздарында әдет-ғұрыптардың, күнделікті өмірдің, салт-дәстүрлердің, сондай-ақ табиғи оқиғалардың, соның ішінде катаклизмдердің қандай-да бір түрдегі көріністері – жинақталған тәжірибені таратудың, көргендерін келесі ұрпаққа жеткізудің бір түрі болды. Бастапқыда жерлеу ережелері, гигиенаны сақтау, алғашқы құқықтық нормалар (бір немесе басқа айып үшін қанша соққы, кінәлілерді қалай және қайда ұстау керек және т. б.), малға күтім жасау, қандай иттерді қорғау керек ережелері пайда болды, құрбандық шалу дәстүрлері және т. б. қалыптасты.

Бастапқыда Авеста қайғылы, апатты оқиғаларды қоса алғанда, бір-бірімен байланысты оқиғалар туралы ақпараттардың жүйеленбеген жиынтығы болды, оларды аңызшылар ауызша таратып отырған. Авестаның жетекші аудармашылары мен зерттеушілерінің бірі И.С.Брагинский: «Авестаның кодификациясы туралы қандай гипотезалар қабылданса да, ғасырлар бойы оның маңызды бөліктері ауызша сақталғандығы даусыз болып қала береді», – деп баса айтты.

Заратуштра біз Байырғы Ақын деп білетін Ахун Баиридің дұғаларын ежелден келе жатқан дұғалар немесе ежелгі ақындардың дұғасы деп тарататынын айтады. Яғни Заратуштра басынан бастап өзін Ахун Байридің дұғаларын уағыздаушы, соған берілгендігін көрсетеді. «Байырғы» сөзі қазақ тілінде бұрынғы, ескі, ежелгі деген мағынаны білдіреді. Ал Заратуштра уақыт өте келе Байыри Ахуннан көне, байырғы Ақынға айналған Байыр ақынның жырларын халыққа жеткізіп отырған. Бұл таза түркі тілде, қазақша айтылымы түсініксіз және мағынасы ашылмаған сөз – Ахун ­Баири – Баир Акынның көлеңкесінде қалып кетеді. Демек, ізашарлары Заратуштраға дұғаларын жеткізуге тырысқан Баири Ахун деген кейіпкер, белгілі бір адам болған деп болжауға болады. Авестада: «Ол мені Ахун Баиридің күшті дұғасымен ұрады ... Ол мені балқытылған металл сияқты Аша Бахиштің дұғасымен күйдіреді» делінеді. Қазақ тілінде, әдетте, дәстүр бойынша дастархан басында бағыштау деген арнайы арнау-тілек айтылады. Баири Ахуна есімімен өздерінің тіршіліктері мен қайғыларын ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған ежелгі аңыз-әңгімешілердің, ежелгі ақындардың тұтас буыны тұспалдануы ықтимал.

Заратуштра есімінің ең ықтимал түсіндірмесі Зар айтушы болуы мүмкін, яғни «әуендерді, дұғаларды ерекше түрде шырқайтын, қайғыны, түйенің зарлы жылауын еске салатын адам» және бұл жалпы есім. Қайта баяндаушылар, кейінгі қайта жазушылар, аудармашылар пайғамбардың жеті елге түйемен саяхаттағанына сүйене отырып, есімінің екінші бөлігі айтушыны уштра – түйеге ауыстырды. Мүмкін ел арасында Заратуштраны түйеге мінген және Ахуна Баиридің (байырғы ахун, ақын, ежелгі аңыздар) дұғаларын қайғыра шырқаған адам деп айтқан болар және бастапқы уштрадағы Зар айтушы парсы нұсқасында түркі-парсылық Заратуштра болып қосылып кетті.

Егер «Авестада» көрініс тапқан оқиғалар б.з.д. 3,1 мың жыл бұрын орын алса, ал Заратуштраның өмір сүру уақыты б.з. д. 1,2 мың жыл бұрын болған болса, онда ежелгі ақындар (Байырғы ахын) 1,9 мың жыл аралығында өмір сүрген. Ал бұл, тарихи өлшемдер бойынша, салыстырмалы түрде өте қысқа уақыт. Егер біз ұрпақтар буынын бекітілген 25 жылмен есептеуді ұстанатын болсақ, онда бұл кезеңде 76 ұрпақ өзгерді, ал егер жыраулар орта есеппен 50 жыл өмір сүрсе, онда мұндай атақты, беделді жыршылар буыны (ежелгі ақындар, жыраулар) бар болғаны 38 болады.

Қазақ сөздігінде зар – азап, қайғы-қасірет сөздерінің анықтамасы берілген. Ал зар айту – өзінің қайғысы, қасіреті туралы жеткізу, зар заман – қасіретті кезең, зар илеу – мұң-шерін шығару. Сонда, Зар айтушы – қайғы-қасірет туралы хабарлаушы.

Қазақ тілінде сақталған «зар заман» сөзі қызығушылық тудырады. Қазақ тілінде тура мағынасы қасірет дәуірі, кезеңі дегенді білдіреді. ХІХ ғасырда қасірет дәуірі – зар заман ақындарының (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы және т.б.) өмір сүруі Заратуштра, Зар айтушының кезінде, ақыр заманнан бастау алатын қайғы-қасірет поэзиясының дәстүрі сақталғанын айғақтай алады. Ақыр заман (дүниенің ақыры, зарлаған кезең) сөзінің авестийлік дәуірдің – «зурман акарана» сөзімен мағыналық ұқсастығы мен үндестігі назар аудартады. Мүмкін, зурман сөзі заман сөзіне айналды немесе керісінше, бірақ ең маңыздысы, үндестіктің артында мағыналық бірлік те жатыр – екі сөз де уақытты білдіреді. Ақыр мен акарана сөздері де осындай эволюциядан өткен болуы мүмкін.

Заратуштраның қайғысы замандаста­рының өз тарихын білу мен құрметтеудің маңыздылығын түсінбеуіне байланысты болған көрінеді. Сондықтан алғашқы базарларда, керуен-сарайларда, мүмкін қобыз сияқты музыкалық аспапта ойнап, қайғыра, бірақ табандылықпен қайта-қайта сол баяғы, байырғы оқиғаларды, гаттарды (жайттарды) айту – зар қақсау – сансыз рет қайталап айту, зар төгу – мұңын шағу.

Мэри Бойстың болжауынша, Заратуштра­ның «діни білім алуы ерте, шамасы жеті жасында басталған, және әріп білмегендіктен ауызша болған. Ол негізінен әдет-ғұрыптар мен сенім ережелерін зерделеуден, сондай-ақ өлеңдерді импровизациялау өнерін игеруден... және бұрын даналар жасаған ұлы мантраларды жаттаудан тұрды. Ол кезде «кемелділікке он бес жаста жетеді деп сенді, және Зороастр шамамен осы жасында діни қызметкер болған. Гаттарға сүйене отырып, ол кейінірек әр түрлі мұғалімдерден алған барлық білімді меңгеруге тырысты деп ұйғаруға болады... Зороастрлық аңыздарға сәйкес, Зороастр ақырында уаһи алған уақытта кемелденген даналықтың отыз жасына жеткен».

«Зороастр өз руластарының арасында уағыз жүргізуге арнаған жылдарының барлығы дерлік нәтижесіз болды.... Содан кейін ол өз халқын тастап, басқа жерге кетті, онда ол жат елдік болса да Хутаоса пат­шайым мен оның күйеуі Виштаспа патша­ның ықыласына қол жеткізе алды... Зороастрдың ілімі Виштаспа елінде қабыл­данды». Барлық белгілері бойынша, Заратуштра тұрандықтардан (тұрандықтардың жерінде туған), ерте скифтерден, сақтардан шық­қан және ежелгі дұғаларды оқудан өзінің автор­лық нұсқасын қабылдаған кейянидтерге кеткен.

«Оны өзінің халқы түсінбейтіндей не айтты екен?» деген сұрақ туындайды. Авестаның мазмұнын салыстырмалы талдау онда айтылған ғасырлар қойнауынан, ежелгі заманнан келе жатқан салт-дәстүрлер қазақтардың әдет-ғұрпында жүздеген жылдар бойы сақталып келгенін дәлелдейді. Бұл аса дәстүрі үлкен құрбандық шалу, жерлеу рәсімінен, «Көрісу», отқа табынушылыққа құрметпен қараудан, аспан күштеріне табынудан көрініс табады. Олар ежелгі ақындар заманында 76-38 буын бойы сақталған. Алайда Заратуштра заманында идеологиялық бетбұрыс орын алды.

Егер мазмұнды бөлігінде көп нәрсе түсінікті болып, дала өлкесінің өмірлік тәжірибесінде қалса, ал мазаны алып, ығырды шығаратын болып көрінген Заратуштраның насихаттарын олар түсінбеді де, қабылдамады да. Шамасы, бұл жаңа мәтіннен емес, жаңа түсініктемеден, дүниетанымды гиперболизациялаудан, мәлімдемелердің мәнін Заратуштраның сенімі бойынша ашу, фактілерден жоғары күштерге баса назар аударудан болған. Ежелгі ақындардың дұғалары жаңа жолмен түсіндірілді, нақты мазмұннан абстракцияланды, ол осы құбылыстардың шынайы, терең мәнін іздеді, бұрынғы дұғаларға жаңа басымдық қойылды, оларды қағидаға айналдырып, олар үнемі сыйынуды қажет ететін табынушылыққа дейін жетті. Осы дұғаларды эволюциялық қайта қарастыру барысында Заратуштра ызалы уағызшыдан қаһарлы реформашыға қайта туылу кезеңінен өтті. Міне, осы кезде реформашы Заратуштра ежелгі ақындардың дұғаларын қолдаушылар – дәстүршілдерге қарсы шықты. Бірдей нәрсе әртүрлі ұғынып, түсіндірілді. Айрық пайда болып, рухани бөліну болды. Заратуштраның қалыптасқан негіздерден ауытқуын жерлестері ежелгі дұғаларға опасыздық ретінде қабылдады. Аңыз бойынша, тұрандықтар өмір бойы оны жазаға тартқылары келген, және шамамен б.з.д. 551 ж. ежелгі діннің абызы Тур Братарвахш (Біртуар Бақсы, піртуар бақсы) Балхқа шабуыл кезінде 77 жастағы Заратуштраны құрбандық шалатын жерде өлтірген.

Заратуштра туған жерінен көршілес жерлерге ауысу нәтижесінде Авестаның баяндалған тілі авесталықтан пехлевилікке, парфяндыққа және одан әрі парсы тілдеріне ауыса бастады. Ол Виштаспа халқына уағыздары түсінікті және қолжетімді болуы үшін солардың тілінде сөйлеуі керек болды. Ежелгі мәтіндерді мазмұндаудың ауызша дәстүрі мұндай жұмысты басқа тілде орындауға мүмкіндік берді. Мэри Бойс: «...Авеста Ахеменидтердің билігінің барлық кезеңінде және одан әрі де ауызша беріліп, өмір сүруін жалғастырды», Қазақ тілінде сақталған «зар заман» сөзі қызығушылық тудырады. Қазақ тілінде тура мағынасы қасірет дәуірі, кезеңі дегенді білдіреді. ХІХ ғасырда қасірет дәуірі – зар заман ақындарының (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы және т.б.) өмір сүруі Заратуштра, Зар айтушының кезінде, ақыр заманнан басту алатын қайғы-қасірет поэзиясының дәстүрі сақталғанын айғақтай алады. Ақыр заман (дүниенің ақыры, зарлаған кезең) сөзінің авестийлік дәуірдің – «зурван акарана» сөзімен мағыналық ұқсастығы мен үндестігі назар аудартады. Мүмкін, зурман сөзі заман сөзіне айналды немесе, керісінше, бірақ, ең маңыздысы, үндестіктің артында мағыналық бірлік те жатыр – екі сөз де уақытты білдіреді. Ақыр мен акарана сөздері де осындай эволюциядан өткен болуы мүмкін.

Заратуштра халқымен көршілес кай елі Виштаспа оғыздарға қатысты болуы мүмкін. Заратуштра Ранха (Орал, Жайық) жағалауында туылған, содан кейін Виштаспа сияқты Датия (Узбой) өзенінің жанында намаз оқыды.

Заратуштра, өз елінде он екі жыл бойы сандалып жүргеннен кейін, 42 жасында Ранха жағалауынан Датияға қарай жол тартты (олардың арасындағы ең қысқа қашықтық шамамен 1100 км, түйеде 10 күндік сапар), кейянидтердің солтүстік, жоғарғы патшалығына Кави-Виштаспаға, Орталық Тұранға, Арал теңізінің оңтүстік акваториясына (Ваураукаша теңізі) Узбой өзенінің жағасына, Чайчасты көліне (Шайшасты), қазіргі Сарыгамыш көліне және одан әрі кави-Виштаспа резиденциясы Балхқа – оңтүстік, төменгі патшалыққа қарай жол тартты.

«Авестада» Виштаспа Кавай – Кави каянидтерге, оғыздардың Кай халқына қатысты екендігі туралы тікелей нұсқау бар. «Кавай Виштаспа Фраздана теңізінің алдында». Мұнда Каспий теңізі туралы айтып отырған болуы керек, себебі бұл аймақтағы басқа теңіз – тек Ворукаша теңізі (Арал теңізі). Ол қазіргі Түркменстанның солтүстік және солтүстік-батыс аймағында кейянидтердің орналасқан жеріне сәйкес келеді.

Болжам бойынша, Авестаның жазбаша мәтіні ол пайда болып, ауызша өмір сүргеннен 36 ғасыр өткен соң пайда болған. Ал Заратуштра Авестаны жарыққа шығарғаннан бастап жазбаша мазмұндамасына дейін 7 ғасыр өтті.

Бұл қолжазбалардың қандай да бір бөліктері дала өлкесіне, әлде кейбір қасиетті мәтіндер дала адамдарына дін қызметкерлері арқылы жетті ме белгісіз болып қала береді. Мүмкін, осы уақытта жазбаша мәтіннің болуын болжайтын ден, дін сөздері мен ден түбірімен орамдар пайда болған шығар.

Әртүрлі халықтарды сіңірген парфян-парсы бірлестіктері, мемлекеттердің трансформациялануы кезінде кейянидтер, одан кейін парфяндар қабылдаған Заратуштра діні жеңген тараптың сенім жүйесіне енді.

III ғасырда ирандық Сасанидтер әулеті кезінде зороастризм мемлекеттік дінге айналды. Олардың билігі кезінде парсы тілін жалғыз ресми тіл ретінде қолдануға және парфян тілін жазбаша қолдануға тыйым салуға қатысты шешуші шаралар қабылданды және барлық қосымша діни әдебиеттер, Зендті қоса алғанда, орта парсы тілінде жазылды. Осы процесте бұл тіл «парфяндық сөздердің көп бөлігін алды; осылайша пехлеви әдебиеті деп аталатын зороастрлық кітаптардың тілі – аралас, койне болып табылады... Парфян тілі тірі парсы тілінің маңызды элементі ретінде сақталса да, барлық зороастрлық діни әдебиеттер тек орта парсы нұсқаларында ғана белгілі болғандықтан, парфяндық зороастризм іс жүзінде болмаған, ал сенім тек оңтүстік патшалықтың қамқоршылығының арқасында, яғни парфяндықтардың емес, парсылардың күш-жігерінің арқасында сақталды» деген жалған түсініктің расталуына ықпал етті. «Жалпы ескі тайпалық бөліністерге сәйкес келетін парсы сатрапиялары (тәуелді аумақтар) парсы тілін қабылдамады, өздерінің тілдері – парфия, соғды және т.б. болды». Бұл тайпалар қасиетті мәтіндерді ауызша жеткізе отырып, Авеста тілінің тазалығын сақтауға тырысты.

Зороастризм – 7 мың жыл бұрын пайда болған, өзінің өмір сүруінің бірнеше кезеңінен өткен әлемдегі ең көне дін. Өз елінде тентіреп жүріп, оның ілімін дұрыс түсінбеген соң, Заратуштра бұл ілімді қабылдаған кейянидтерге Виштаспаға барды. Кейіннен ол үш парсы империясының мемлекеттік дініне айналды. 652 жылы арабтар Иранның көп бөлігін басып алып, зороастризмді Парсқа ығыстырып, жергілікті халыққа исламды енгізді. Пехлеви жазуының орнына араб тілін енгізу және оны орта парсы тілінің орнына қолдану зороастризм ізбасарларына айтарлықтай зиян келтірді. IX ғасырда арабтар жаулап алғаннан кейін жеті буын өткен соң, зороастрлықтар азшылықта болса да, өмір сүруді жалғастырды. Олар кітаптарды, от храмдарын және үздіксіз сабақтастықтың арқасында әдет-ғұрыптарды сақтап қалды.

Зороастризмнің түркілер, сонымен бірге қазақтардың діни нанымдарымен өзара байланысы мәселесі ерекше тақырып болып табылады. Б.з.д. екі мың жыл бұрын ежелгі жыраулар (баири ахун, байырғы ақын) б.з.д. 1,9 мың жыл бойы айтып келген елеулі және маңызды эпизодтар ретінде пайда болып, Заратуштра олардың алғашқы сенім-нанымдарын, Отқа табынуды (маздаизм) Ден деген атау алған, дәстүрлі түрде Апастак (Авеста) деп аталатын ерекше назар аударуды, сиынуды, құрметтеуді қажет ететін нәрсеге айналдырған.

Зерттеушілер dēn сөзі діни мәтіндердің жиынтығын білдіретін abestāg (яғни ­Авеста) сөзінің синонимі ретінде кеңінен қолданылатынын айтады. Кейбір ерекше тарихи жағдайларға байланысты Авеста атауы дәстүрлерде бекітіліп қалған, ал Ден атауы онша танымал емес. Алайда ден атауы мұқият талдауды қажет етеді. Бастапқыда бұл нені білдіргені, алғашқы зороастлықтар қандай мағына бергеніне әлі жауап жоқ. Осы атаумен Заратуштра өзінің отандастарының арасында ескі сенім туралы жаңа көзқарасын білдіргені анық, содан кейін осы атаумен оның ескі-жаңа ілімі өзімен бірге басқа патшалықтардағы көрші елдерге қоныс аударды. Жаңа дін кеткенімен, жадтағы, тілдегі, рухани мәдениеттегі іздер сақталып қалды.

Қазақ тілінде «дін» – сенім, діни сенім, дін. «Авестада» Ахун Байридің дұғаларына ғибадат ету деп қайғыра баяндалған сенім жүйесі «ден, дін» сияқты естіледі. Ден түбірімен ондаған қазақ сөзі мұқият талдауды қажет етеді: ден қою – біреуге, бірнәрсеге назар аудару, ден қойып тыңдау – мұқият тыңдау, бірнәрсеге көзі жету, дені д???? ? ???????, ??? ?????. ??????, ұрыс – қалыпты, есі дұрыс. Мүмкін, Дені саудың жаны сау мақалының мағынасын: иманы дұрыс адамның, жаны да таза, сау деп түсіну керек болар, зор ден саулық, денғей – дәреже, дәрежеде, дендету – жеңу, дендеу – бір істің үлкен бөлігін істеу, деней – тұтас.

Бұл қазақ сөз­дерінің «Ден» тұрғысынан түсін­дірілуі, олардың ма­­ғынасына қайта мән беріліп, басқаша интерпретацияла­нуын болжайды. Егер зороастр­лықтардың ілімі Тұраннан Орталық Азияның оңтүстігіне, парфяндықтар арқылы Парсы еліне кетсе, онда кейбір лингвистикалық бөлшектер сияқты жекелеген сөздерде көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әңгімелер циклін (гаттар, жайттар) құру аумағымен алғашқы байланыс қалды.

Егер біздің ата-бабаларымыз жалпы әңгімелер циклі немесе мәтіндер жиынтығы, жалпы Ден деп аталатын Заратуштраның мазмұндамасындағы ежелгі ақынның (Баири Ахун – Байырғы ақын) дұғаларының бастапқы нұсқасымен таныс болса, ал күнделікті сөйлеулерінде ұқсас сөздердің белгілі бір жиынтығы болды. Мысалы, денгей сөзі шын мәнінде мүлдем деңгейді білдірмейді, оқу талаптарына – моральдық, этикалық, рухани, сондай-ақ осы мәтіндерді меңгеру, игеру және білім беру деңгейіне сәйкестік дәрежесін білдіреді. Дендеу – бір істің үлкен бөлігін істеу, бұл таным процесін немесе осы Ден ілімінің мәтіндеріне бас алмай кіріп кетуді білдіруі мүмкін.

Ден қою – біреуге, бірнәрсеге көңіл аудару; ден қойып тыңдау – мұқият тыңдау, бір нәрсеге көз жеткізу деген сөздер, тыңдаушыларды дұғалардың мәтінін мұқият түсінуге, тыңдауға және дұға үндеуінің дәлелдері мен негіздемелеріне көз жеткізуге шақыру дегенді білдіруі мүмкін. Үндеудің бұл сөздерінде оларды түсіну үшін кем дегенде 12 жылдық күрес болғанын көруге болады, мүмкін ілімнің, жаңа дұғалардың да жақтастары болған шығар. Бірақ ежелгі жыраулардың дұғаларды интерпретациялауын қабылдамағандар да болды. Заратуштра Виштаспаға жалғыз кеткеніне және оның соңынан ешкім ермеді деген дерекке сүйене отырып, оны өз отанында аластатылған адам деп айтуға болады.

Шоқан Уәлихановтың шығармашылық өмірбаянын зерттеушілер оның дала хал­қының дәстүріндегі зороастризмнің терең тамырына бірінші болып назар аударғанын айтады. Оның қорытындысы бойынша, қазақтарда зороастризмнен отты, күнді қастерлеу, аспан мен аспан денелеріне сыйыну, ата-бабаларға табыну, көшпенділер тұрмысының жекелеген жақтарының қолдаушы-құдайларының барын мойындау, тиісті іс-әрекеттер мен тыйымдар кодексі «кәміл тұтастықта» сақталған.

Отқа табынудың көне нанымдарын әртүрлі түсінудегі кейбір өзгешеліктерді байқауға болады. Қазақтарда ол қандай да бір ерекше рәсім болмаған, бірақ отқа ұқыпты қараумен қатар жүретін табиғи тұрмыстық дәстүр болған. Сенім бар да, табыну жоқ.

Философ Сапар Оспанов өзінің «Зороастризм – түркі халықтарының мәдениетін зерт­теудің тарихи дереккөздерінің бірі ретінде» атты мақаласында: «Авестаның мазмұнына, зороастрлық салт-дәстүрлерге, тәңірлік дәуірден бастау алған түркі халық­та­рының салт-дәстүрлеріне салыстырмалы-тарихи талдау жүргізу, сондай-ақ Авестадағы жеке­леген ұғымдарды прото-көне түркі тілдері тұрғысынан түсіндіру қажет», – деп есептеді.

Беделді шығыстанушы, Тува, Бурят университеттерінің профессоры Н.В.Абаев осы күрделі, аз зерттелген процесті зерттеу үшін тәңіршілдік пен зороастризмнің өзара байланысы туралы айтарлықтай мәні бар бірқатар маңызды ережелерді алға тартты. Оның ойынша, «Еуразияның орталық бөлігінде, яғни ішкі және Орталық Азияда діни синкретизмнің ерекше терең және алуан түрлі этномәдени шығу тегі болды, өйткені бастапқыда орталық-еуразиялық өркениеттің дамуының қозғаушы күші шартты түрде «Иран» (Азияның батыс және орталық бөлігі, саласы бастапқыда авесталық дәстүр негізінде дамыған арийлердің дінін ұстанатын иран тілді халықтар мекендейді) және «Тұран» (орталық және шығыс бөлігі, негізінен тәңіршілдіктің әртүрлі этномәдени формалары мен түрлерін ұстанатын түркі-моңғол және фин-угор халықтары мекендейді) деп аталатын екі туыстас, бірақ көп жағдайда мәдени өркениеттері қарама-қарсы, және этноконфесионалды қауымдастықтардың өзара іс-қимылы болды».

Оның пайымдауынша, «арийлік» және «тұрандық» екі өркениеттік мәдениет – бастапқыда «Иран – Тұран» орасан зор геосаяси бөлінісі нәтижесінде бөлінген ежелгі уақытта жалпы номадтық (көшпенді) өркениет платформасы негізінде қалыптасқан біртұтас «тұран – арийлік» өркениет өзегінен бөлініп шыққан. Н.В.Абаев осы мәдениет­тердің шығу тегіндегі ортақ нәрсені атап өтіп, ол арий-тұрандық деп белгілеген өркениеттің қайнар көзін, генезисін табуға тырысады. Ол гипотетикалық түрде 15-12 мың жыл бұрынғы кезеңді көрсетті.

Н.Абаев көшпелі арий-тұран қауым­дастығы қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде тәңіршілдіктің және оның әртүрлі этномәдени түрлерінің қалыптасуы басталған деген маңызды болжам айтты.

Оның пікірінше, тәңіршілдік арий-тұрандық этномәдени бірлестіктен көшпелі өркениетке көшуде маңызды рөл атқарды. Қосымша зерттеуді қажет ететін: алғашқыда тәңіршілдік пе немесе арий-тұран қауымдастығы болды ма ­деген мәселе бар. Мұндай байланыс бар деп санайтын Н.А.Абаевтың тұжырымдама­лық позициясы маңызды. Оның қорытындысына сәйкес, «түркі-моңғол тәңіршілдігі – тауға сыйыну ерекше маңыз­ды орын алған байырғы жергілікті этнос­тардың ғарыштық жүйесі негізінде Оңтүстік Сібірдің таулы-тайга аймағында қалыптасқан арий-тұрандық «Аспан-Күн» дінінің мәдени-тарихи нұсқасы болып табылады». Осылайша, бастапқыда пайда болған нанымдар, табынушылықтар осы уақытта өмір сүрген адамдардың санасы мен рухани әлемін өзгерткен Жердің үлкен аумағында болған үлкен апатты құбылыстардың терең көрінісі болғаны анық, олар осы драмалық оқиғалардың тікелей куәгерлері болды.

Ежелгі ақындардың осы маңызды, дұғада жазылған үзінділерді мазмұндап айтуы алғашқы діни нанымдардың негізін құрады. Табиғатқа жақын дәстүрлермен, тұрмыстық табынушылықпен, нанымдармен сәйкес келетін тәңіршілдік осындай болды. Біздің ойымызша, Н.Абаевтың түркі-моңғол малшы халықтарының ежелгі жауынгерлік пұтқа табынулары мен тәңіршілдіктің түркі-моңғолдық формасы арий-тұрандық өркениеттің діни негізіне айналды деген тұжырымы заңды болып табылады. Заратуштра осы нанымдарды олардың табынушылығына айналдыруы Денге діни тұрғыдан міндетті сыйыну жүйесіне айналды. Бұл тәңіршілдік пен зороастризмге рухани бөлінуді ғана емес, сонымен бірге тәңіршілдік алғашқы негіз ретінде дала өлкесінде, түркі, моңғол халықтарының арасында өзінің дербес жолын таба отырып, өмір сүруді жалғастыруына, ал зороастризм өзінің канондар мен дәстүрлерді қатаң ұстанатын жолымен жүріп, алдымен кейянидтерден пана тауып, содан кейін парфяндықтардың арасында танылды, ал кейіннен Шах билеушілерінің арасында табынушылыққа әкелді.

Далалық өмір салтының өзі түркі-моңғол халықтарында діни нанымдардың, тәңір­шілдіктің қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Әмудария, Сырдария, Узбой өзендерінің ­бойында егіншілікпен айналысатын кейянидтер, парфяндықтар сияқты отырықшы халықтар, ежелгі нанымдардың формасына, діни қабығына назар аударды, заңдастырды, ал парсылар зороастризмді абсолютке көтерді.

Зерттеулер жалғасуда және тарихи материалды, ауызша халық шығармашылығын, мифтерді, аңыздарды және т.б. мұқият талдау маңызды, бұл білімді тереңдетуге және құндылықтардың кристалдануы мен сенім жүйесінің, табынушылық пен дәстүрлердің қалыптасуының шындыққа жақын рухани-өнегелік бейнесін жасауға мүмкіндік береді.

Рахман АЛШАНОВ,

«Тұран» университетінің

ректоры

1378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы