• Қоғам
  • 02 Желтоқсан, 2021

Жеке аударымға салық салынбайды

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі мен жекелеген азаматтар арасында «Жаңа жылдан бастап, ­сауда қолма-қол ақшамен ғана жасалынады. Жасалған әр аударылымнан салық ұстанылады» деген ақпарат тарауда. Ал мәселенің анық-қанығы қайсы? Ел арасында күмән туғызған бұл сауалға Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі толыққанды жауап берді. Сонымен...
 
– «Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамыту, бұл қадам қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейді. Мұнымен қоса, «барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен» деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады. Кассалық аппараттарға қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады. Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған. Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер, арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз», – делінген министрліктің хабарламасында.

Б.БЕЙСЕНҰЛЫ

983 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы