• Қоғам
  • 20 Қаңтар, 2022

ЖАҢА ДӘУІРГЕ БАСТАҒАН ­БАТЫЛ ҚАДАМНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ!

«Алматы трагедиясы» атауымен тарихқа енетін қаңтар оқиғасы қай-қайсымызға да оңай тимеді. Қаза тапқан сәбилер мен азаматтардың қайғыдан қара жамылған отбасыларының көз жасы қалай тиылмақ? Мақұл, оның бәріне уақыт емші дейік. Бірақ біз өз дамуымызды, керісінше, біраз уақытқа тежеп алдық.

Жалпы жағдай түзелді. Бірақ бо­саңсуға болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Бұл оқиға мем­лекетіміздің тұрақ­тылығы мен қауіп­сіздігін сынаудың бір түрі болды.

Ендеше, осы ауыр сынақ өлшеусіз сабақ. Күн сайынғы Үндеулерімен, маңызды Мәлімдемелерімен елі мен дағдарған жұртына дем беріп отырған Президент ҚР Мәжілісінде сөйлеген сөзінен Қазақстанның жаңа дәуірге шындап аяқ басқанын байқатты.

Соңғы екі-үш жылда денсау­лықтың қадірін, соңғы екі-үш күнде бейбіт күннің қадірін терең ұққан қарапайым қауымды бұдан былай өзінің өзгеше іс-қимыл жасайтындығына қуана сендірді.

Тәуелсіздік тарихында алғаш рет аса күрделі және қа­терлі кезеңді басынан кешкен қазақ­с­тандықтарға:

– Жуық арада болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күресте азаматтарымыздың көпшілігі патриоттық танытты. Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деп ризашылық сезімін білдірген Қ.Тоқаев жаңа жұмыстың басын Үкіметтің жаңа құрамын жасақтаудан бастатып, тиісті адамдар мен ведомстволарға қатаң әрі шұғыл түрде орындау үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Президент кеңесте көп нәрселер айтты, мемлекеттік сатып алудағы сорақы кемшіліктерді, ішкі жалпы өнімнің 60 пайызын құрап отырған «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын қайта реформалаудың қажеттігін, квазимемлекеттік секторларды түбегейлі өзгерту керектігін, ал егер реформалау мүмкін болмаса, мұндай құрылымдардың тіпті қажет еместігін баса айтты. Кәсіпкерлік саласында ірі-ірі бизнеске көп көңіл бөлініп, шағын және жаңадан ашылған кәсіпкерлікке қолдау берілмей жатқанын, отандық ­тауар өндірушілердің кемшілігі мен жетістіктері туралы да айтылды. Шіріп кеткен жүйенің былығын жөндеу оңай емес шығар, утильсбор туралы үкіметке «Оператор-РОП»-тың утильдік алым жинауына ­тыйым салуын тапсырды, шетелдерге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді, LRТ-ның о бастан қате жоба болғанын, оған қыруар қаржы жұмсалғанын, енді оны не істеу керектігін қарастыруды тапсырды. Ауыл шаруашылығына баса назар аударып, субсидияларды қайта қарауды, оның қолжетімді болуын міндеттеді.

Мемлекетіміздің халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс­тігін басты назарда ұстайты­нын мәлімдеген Қасым-Жомарт Кемелұлы айыппұлдар мөлшері де қайта қаралуы керегін қозғады, әсіресе халықтың айлығының шындыққа сәйкес келмейтінін т.б. жіктеп-жіліктеп алдымызға жайып салды. Бұған қалай риза болмайсың.

Алла жар болса екен!

Үміт БИТЕНОВА,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Талас аудандық Мәслихат

депутаты

849 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы