• Қоғам
  • 26 Мамыр, 2022

Төлқұжатта неге чип жапсырылған?

Қазақстанның Ішкі істер министр­лігінің Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болған. ­Бейнежазбада пас­порт­тағы чиптің азаматтардың ­жүріс-­тұ­ры­сын қадағалауға арналғаны айтылады.
Министрлік өкілі Шұғыла Тұрлы­бек­тің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.
– Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар мен жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген, – дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 
Сондай-ақ брифингте төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтылды.

563 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы