• Ақпарат
  • 23 Қыркүйек, 2022

Air Astana 10-шы рет өз аймағындағы үздік әуекомпаниясы ретінде Skytrax сыйлығын жеңіп алды

Қазақстан азаматтық авиациясының флагманы 10-шы рет беделді Skytrax сыйлығымен марапатталды. 2022 жылы Air Astana «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпаниясы» номинациясын жеңіп алды және өз тарихында алғаш рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі бүгін Лондонда өтті.
 
«Биыл Air Astana өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде әуе компаниясы қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасы бойынша өзін көшбасшы ретінде көрсете білді. Біз Skytrax-тің оныншы рет осы мәртебелі марапатына ие болғанымызға өте қуаныштымыз, бұл біздің жоғары стандарттарға бейілділігіміздің және жолаушыларымыздың алғысына ие болудың айғағы. Әуе компаниясының алты мыңға жуық қызметкеріне кәсібилігі мен ортақ ісіне берілгендігі үшін алғыс айтқым келеді», - деді Air Astana президенті Питер Фостер.
 
Skytrax Awards сыйлығының бас директоры Эдвард Плэйстед былай деп түсіндірді: «Air Astana 2022 жылы біздің жүлдеміздегі оныншы жеңісін атап өтуде. Әуе компаниясының басшылығы мен қызметкерлері осы табысымен және Орталық Азия мен ТМД-дағы «Ең үздік әуекомпаниясы» және «Ең үздік қызмет көрсету» номинациясын жеңіп алғанын мақтан тұтуы керек. Соңғы екі жыл авиация саласы үшін өте қиын болды, сондықтан бұл марапат Air Astana-ның тұтынушыларына қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етіп келе жатқанын растайды."
 
Skytrax сыйлығының жеңімпаздары жолаушыларға сауалнама жүргізу әдісімен анықталды. 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың тамызы аралығында 300-ден астам әуекомпаниясы бағаланды. Сауалнамаға 100 ұлттың 14 миллионнан астам өкілі қатысты. Респонденттердің жауаптары ағылшын, француз, испан, орыс, жапон және қытай тілдерінде берілді. Сауалнамаға қатысушылар әуе компаниясының сайтын, тіркеу және отырғызуды, ұшақ салонының тазалығын, борттағы ойын-сауық жүйесін, бортсеріктердің келбеті мен қызмет көрсетуін, тамақ сапасын, орындардың ыңғайлылығын және т.б. бағалады.
 
2011 жылы Air Astana алғаш рет «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуекомпаниясы» номинациясы бойынша Skytrax сыйлығын алды.
2012 жылы ТМД және Шығыс Еуропа елдерінде бірінші болып 4 жұлдызды Skytrax сыйлығына ие болды.
2021 жылы COVID-19 таралуының алдын алу бойынша Skytrax сертификатын алды.
2013-2015 жылдар аралығында ол сонымен қатар «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік қызмет» номинациясында Skytrax сыйлығын алды.
 
Air Astana – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны. Әуе компаниясы 2002 жылдың 15 мамырынан бастап рейстерді орындайды. Маршрут желісі 40-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты 27 ұшақтан тұрады: Boeing 767, Airbus A320neo, A321/A321neo/A321LR және Embraer E190-E2.
Air Astana Skytrax ұсынған «Орталық Азиядағы үздік әуекомпаниясы» номинациясының он дүркін жеңімпазы, TripAdvisor Travelers' Choice Awards сыйлығының үш дүркін жеңімпазы және APEX 5 жұлдызды рейтингі.

3492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы