• Қоғам
  • 29 Қыркүйек, 2022

Конституциялық реформалар – түбегейлі саяси жаңғырудың бастамасы

Ермек Баяхметұлы, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің профессоры, 
заң ғылымдарының докторы:

Президенттің мерзімінен бұрын сайлауы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Конституцияға президенттік мерзімді жеті жыл және бір ғана мерзімге белгілейтін өзгерістер қабылданды. Мемлекет басшысы Президенттік өкілеттік мерзімінің өзгеруі билікті монополияландыру тәуекелдерін едәуір төмендететінін, президент лауазымында ұзақ мерзім бойы бір адам отыра алмайтынын атап өтті.

ҚР Президенті қазір мерзімінен бұрын сайлау өткізбей, президенттік мерзімінің аяқталуын күтіп, 2024 жылы жаңа 7 жылдық мерзімге өз кандидатурасын ұсына алар еді. Алайда ол бұған бет бұрмай, келесі негіздер бойынша мерзімінен бұрын сайлауды жариялады.

Біріншіден, біздің республикамызда конституциялық реформалар жүргізілді, ҚР Конституциясына өзгерістер енгізілді, олар суперпрезиденттік республикадан кету, жаңа, әділетті Қазақстанды құру процесін бастады. Бірақ конституциялық реформалар – бұл түбегейлі саяси жаңғырудың бастамасы ғана. Конституциялық ережелерді іске асыруда пәрменді шаралар қажет. 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумда бекітілген конституциялық реформаның қисынды жалғасы Президенттің мерзімінен бұрын сайлауы. Ол суперпрезиденттік модельден түпкілікті ауытқу ретінде тек бір мерзімде болады.

Екіншіден, мен кейбір саясат­керлердің ойына қосыламын, мерзімінен бұрын сайлау өткізу пай­дасына салмақты фактор – әлемдік экономиканың гео­стра­тегиялық шиеленісі мен тур­буленттілігінің артуы болып табылады. Әлемдік процестердің даму серпінінің болжамсыздығы жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, тұтас өңірлер үшін де тәуекелдер мен сын-қатерлерді көбейтеді. 2024 жылы Қазақстандағы кезекті президенттік сайлауға дайындалуға және осы процеске шетелден араласуға әрдайым күш болады. Осыған байланысты кезектен тыс сайлау «қуатты Президент, ықпалды Парламент, жауапты Үкімет» формуласы, сондай-ақ «жаңа, әділетті Қазақстан», «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымдары бойынша жаңа саяси билік құру жөніндегі барлық мақсаттар мен міндеттерді байсалды іске асыруға мүмкіндік береді деп санаймын.

Үшіншіден, Президент адал және әділ сайлауын көрсеткісі келеді деп ойлаймын.  Бұл халықтың оған деген сенімінің саяси мандатын жаңарту үшін жасалады, егер ол жариялаған алдағы реформалар мен қиындықтарды ескеретін болсақ.Осылайша ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы қоғамды одан әрі демократияландыру, мемлекеттік билікті іске асырудың әдістері мен құралдары жүйесін түбегейлі жаңғырту үшін қажетті бірқатар объективті факторларға негізделген. 

ҚР Президентінің адал және әділ сайлауы шынайы реформалау тетіктері арқылы жаңа және әділ Қазақстанды құрудағы барлық жаңалықтарды тез әрі тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Бұған саяси партияларды құру мен тіркеуді оңайлату, сайлау заңнамасы, Парламент Мәжілісіне жанама сайлауды алып тастау, Мемлекет басшысының кез келген саяси партиялардан алшақтауы, Парламент Мәжілісі мен Сенаты өкілеттіктерінің өсуі және тағы басқалар кіреді.

 

971 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы