• Қоғам
  • 20 Қазан, 2022

Бала денсаулығы – басты назарда

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова иммунопрофилактика туралы есеп беріп, жалпы қала бойынша 2022 жылдың 9 айында қажетті деңгейде профилактикалық егулер жүргізілгенін айтты.

«Атап айтар болсам, 4 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы (АбКДС3) қамту – 73,9%, 12-15 айлық балаларды пневмококтық инфекцияға қарсы егу Пневмо 3 – 72,5%, 12-15 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП1– 76,1%, 6 жастағы балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП2 қайта егу – 71,7%, 6 жастағы балаларды көкжөтелге, дифтерия, сіреспеге қарсы

(бустрикс АбКДС5) – 71,1%, 18 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға қарсы (АКДС4) қамту – 70,4%, 16 жастағы жасөспірімдердің дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасымен егу – 69,7%, дифтерия мен сіреспеге қарсы ересектерді АДС-М вакцинасымен егу – 90,5% құрады», – дейді Ә.Қалықова.

Сонымен қатар ол перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді «В вирусты гепатитіне» қарсы екпемен қамту – 86,1% және туберкулезге қарсы – 86,1% пайыз болғанын атап өтті.

«Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы жаңа туған нәрестелерді вакцинациямен жеткіліксіз қамтудың негізгі себептері болып қалып отыр», – дейді санитарлық-эпиде­миологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Ж.ӘБІЛ

735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы