• Қоғам
  • 16 Қараша, 2022

Девиантты мінез-құлықтағы  балалармен кездесу өтті

          Ағымдағы жылдың 16 қараша күні Алматы қаласындағы девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымындағы тәрбиеленушілерге «Ашық алаң» жобасы бойынша «Social project managment» орталығы Мурадуллаева Гульбанум Навирдинқызының қатысуымен тренинг өтті.

          Шара барысында спикер әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі таңда кезек күттірмес күрделі жағдай екенін және жасөспірімдердің әлеуметтік ортасына қайта оралуына назар аударатындығын, сонымен қатар денсаулықтарына жақсы қарап, уақытты дұрыс пайдалану басты мақсат екендігін сөз  етті.

          Қоғамда білім алып, еңбекке араласып, өз жолын қалыптастырып жатқан адамдар көп. Дегенмен, кейбір жастар өз өміріне жауапкершілік алудан қашады. Жобаның негізі мақсаты: жастар мен жасөспірімдерді жауапкершілікке тәрбиелеп, еңбек нарығына еркін араласуға баулу және қоғамда өз орны бар азамат  қалыптастыру. Шара ұйымдастырушылар мен семинар жүргізушілері жастармен тығыз байланыс орнатып, оларға дұрыс жол сілтеді. Қазірден бастап кім болғысы келетіндерін шешіп, сол бағыта еңбектену керектігін түсіндірді. Ел болам десең бесігіңді түзе деген сөз бар. Еліміздің ертеңі жастарға бағыт беретін осындай шараларды жиі ұйымдастыру керек. 

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы