• Қоғам
  • 26 Қазан, 2023

Жастар кітап оқымай ма?

Биылғы өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі. Біз өскелең ұрпақты кітап оқуға баулуымыз керек» деп айтты.

Осыған орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Оқырман ұлт» Алматы қаласы жастарының оқу белсенділігін арттыру жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты жастар мен жасөспірімдерге кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға ынталандыру, сауатты жастардың санын көбейту, кітап таралымын жандандыру, соңғы шыққан заманауи кітаптармен, авторлармен таныстыру, жастардың бос уақытын кітап оқу арқылы тиімді пайдаланып сапалы мамандарды дайындап шығу.

Осы орайда қаламыздағы Жоғарғы оқу орындарымен колледждерде арнайы кітап жәрмеңкелерін, баспагерлер және кітап авторларымен кездесулер, кітап оқудың пайдасы туралы семинарлар өткізілуде. Осы жоба аясында 24 қазан Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ университетінде «Оқырман ұлт» кітап көрмесі өтті. Көрмеге кітап саласында жемісті еңбек етіп жатқан заманауи баспалар мен кітап дүкендері шақырылды. Атап айтар болсақ: «Мазмұндама», «Steppe&world», «КітапАл», «Қазына», «Marfu», «Olja Peak» эстетикалық кеңсе өнімдері, «Қасым», «Ziyat», «Қыр баласы», «Отбасы» баспа үйлері қатысты.

 Студенттер мен оқытушыларға арналған кітап көрмесі таң ертеңнен кешке дейін жалғасты. Танымал тележүргізуші Берік Көшербекұлы жүргізген шараның ашылуы ҚазЭУ, Ғылыми кітапхана директоры Ақмарал Бекқызының сөзімен басталды. Шара барысында белгілі шығыстанушы, логотерапевт, «Бейсен және болмыс», «Өмірге ғашық болу», «Өркениетті адам», «Қуыскеуде» кітаптарының авторы Санжар Керімбай және «Жылдам оқы», «Мінезді өзгерту алхимиясы», «Әдет күші», «Супержады» кітаптарының авторы Мирас Кесебаевпен кездесу өтті. Авторлар «Кітапты не үшін және қалай оқимыз?» тақырыбында баяндама жасап, студенттердің түрлі сұрақтарына жауап берді. Көрмеге қатыстқан жастардың саны екі мыңнан асады. Студенттердің белсенділігі және кітапқа деген қызығушылығы «Жастар кітап оқымайды» деген пікірдің қате екенін көрсетіп берді. Шара соңында жастар отандық баспалармен байланыс орнатып, қолдарына том-том кітап құшақтап қайтып жатты.

«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры

4371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы