• Тіл
  • 07 Шілде, 2011

Синонимдер сөйлесе...

Кейде ана тіліміз жыл өткен сайын жұтаң тартып бара жатқандай көрінетіні рас. Олай дейтінім, мақалдап, майын тамызып, мәтелдеп, мәнерлеп сөйлейтін көнекөз қарттарымыз кеміп, олардың орнын орысшасы аралас сөйлейтін ересектеріміз көбейіп бара жатыр. Олардың көбі мақалдап-мәтелдеп сөйлемек түгілі, синоним сөздердің бірін, әрі кетсе екеуінен артығын білмейді. Мәселен, қазақ тілінде адамның кескін-келбетін анықтайтын синоним сөздер көп-ақ:Ажарлы, ашық, ақжарқын; Әсем, әйбат, әдемі; Бейнелі, биязы; Гөзал; Дидар, дарқан; Ерке, ерекше; Иманжүзді, жарқын, жаймашуақ; Инабатты, ибалы; Кескін, келбет, көрікті; Момақан, монтаны; Ойнақы, ойлы, оңды; Парасатты, пошымды, пішін; Рең, репет, раушан, риялы; Сымбатты, сәнді, сұлу; Тартымды, тәрбиелі; Ұсқын, ұсқынсыз; Шырай, шырайлы. Мүмкін, бұдан да көп шығар, бұл – менің ғана білетін синоним сөздерім. Сонда осыншама бай тіліміздің бекзаттығын неге көрсетпеске? Егер құрғақ сөзбен тұздықсыз сөйлеп жүре беретін болсақ, кейінгі ұрпақ ата-бабасының бай мұрасын, ауыз һәм жазба әдебиетін түсінбейтін дәрежеге жетпей ме? Осы тұста бір миллион ғана халқы бар аварлардың бас ақыны Расул Гамзатовтың: «Халқымның тілі жойылар болса, сол күні менің де өлгенім» деп шырылдағаны еске түседі. Сөз соңында, сүйікті газетіміз «Ана тілінің» оқырмандары мені қолдап жатса, әркім өзі білетін сөздің синонимдерін талдап-талқылап, көпшілікке ұсынатын болса, бай тіліміздің таза сақталуына сәл де болса септігін тигізер еді деген ойым бар. Абдрахман АСЫЛБЕК

14795 рет

көрсетілді

95

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9135

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7273

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5013

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4397

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4361

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4322

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4056

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4049

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы