• Тіл
  • 07 Шілде, 2011

«КЕҢСЕ ТІЛІ ҚАЗАҚША БОЛМАЙ, ІС ОҢБАЙДЫ»

d0b1d0b0d0bbd0bad0b8d18fБалхия КӨМЕКБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

1. Азаттықтың таңы атқалы 20 жылдың жүзі болды. Осынау тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін біраз ауқымды істердің атқарылғаны анық. Осы уақыт аралығында тіл мәселесі төңірегінде қалада жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз. 2. Тіл мәселесін шешуде түрлі кедергілердің де кездеспеуі мүмкін емес. Соларды атап айтсаңыз. 3. Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында мемлекеттік тілдің мәртебесі аясында қала көлемінде атқарылар бірқатар шаралардың жоспарымен бөліссеңіз. 1. Мемлекеттік тіл – ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олардың мемлекеттік тілді білуі кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ал ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» деп міндеттеді. Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі қазағы қалың қоныстанған, ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз, соның ішінде басты құндылығымыз – тіліміздің қаймағы бұзылмай сақталған аймақтың бірі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы Мұхаң айтқандай, қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелердің саны күн санап артып келеді. Оның ішінде 2005 жылы 45 мекеме ғана қазақ тілінде тәрбие берсе, 2011 жылы олардың саны 382-ге жетті. Республикадағы балабақшалардың 46,9 пайызы қазақ тілінде тәрбие береді, облыстағы бұл көрсеткіш соңғы үш жылдың ішінде екі есеге артып, 83,5 пайызға жетті. Өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалар мен мектептерге бере бастады. Былтырғы жылы облыста 12 368 өзге ұлт өкілі қазақ мектептерінде білім алса, бүгінде 533-ке артып, олардың саны 12 901-ге жетті. Еліміздегі қазақ тіліндегі білім беретін мектептер 51 пайызды құраса, бұл көрсеткіш облыста 73,3 пайызды құрайды. Облыста 2015 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесін 85 пайызға жеткізу көзделген болатын, 2011 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 87,3 пайызға жетті. Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту мен оның қолдану аясын кеңейтуге бағытталған облыстағы шешендікті насихаттау мақсатында биыл екінші рет республика көлемінде «Кәнеки, тілім, сөйлеші!» байқауы өтті. Жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты «Қазақы дәстүрге сай құжат алдың ба?» атты семинарлар ұйымдастырылды. «Тіл болмаса, түгің жоқ...» көңілді тапқырлар клубтары арасындағы республикалық байқау облыс тұрғындарының, әсіресе, жастардың көңілінен шықты. Елбасы Жолдауы аясында, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 700-ге жуық жастардың қатысуымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты облыстық форум өткізілді. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар аудандар мен қалаларда, 1000-нан астам мектепте, 300-ге жуық мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, 40-тан астам колледжде және жоғары оқу орындарында өз жалғасын табуда. Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деген сөзі бар. Елімізде облысымыз алғашқы болып, 2003 жылы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірді. Бүгінде барлық деңгейдегі басқосулар, ресми және мәдени іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан жергілікті атқарушы органдарға ісқағазды мемлекеттік тілде дайындау жөніндегі талап күшейтілді. 2010 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша 8 аудандық, қалалық әкімдікте, 17 жергілікті басқармада, 29 аумақтық мекемеде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу 100 пайызға жеткізілмеген болатын. Жергілікті мемлекеттік органдарда түрлі салаларға арналған семинарлар өткізіп, әдістемелік көмек көрсетудің нәтижесінде 2011 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша барлық әкімдіктер мен жергілікті басқармаларда мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізудің үлесі 100 пайызға жеткізілді. Бүгінде облысымызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын бұрынғыдан да кеңейтіп, барлық мүмкіндіктерге жол ашу мақсаты көзделіп отыр. Бұл орайдағы басты мақсат – облыстағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің жан-жақты қолданылуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау. Осы мақсатта облыс әкімі аппараты «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығында» 2010 жылы – 644, 2011 жылғы І жартылдықта – 294 мемлекеттік қызметкер оқып шыққан. Нәтижесінде, облыстағы аудандық, қалалық әкімдіктер мен жергілікті басқармалардағы 3 499 мемлекеттік қызметкердің 98 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізе алмайтын қызметкерлерге тұрақты түрде курстар ұйымдастырылады. Облыстағы мекемелерге мемлекеттік тілді үйренуге және сол тілде іс құжаттарды жүргізуге көмек көрсету мақсатында әр сала бойынша семинарлар ұйымдастырылып, 2010 жылы 8 892, 2011 жылғы І жартыжылдықта 5 630 әдістемелік құрал таратылды. Ұлысымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік өңірінде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүргізілуде. Облыстағы этномәдени орталықтармен мемлекеттік тілді және этникалық топтардың ана тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау мақсатында этномәдени орталықтардың төрағаларымен өзара қарым-қатынасты нығайту мен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған. Оның аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Абай оқулары», орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті», «Тіл – халық жанын танудың кілті», тағы басқа байқаулар ұйымдастырылды. Облыстағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілмен қатар, ана тілдерін оқып-үйренуіне көмек көрсету мақсатында 11 жексенбілік мектепке магнитті-маркерлі тақталар мен компьютер, құрал-жабдықтар, әдістемелік құралдар қоса тапсырылды. Мұғалімдеріне мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологиялары бойынша семинарлар өткізіліп, түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде өзге ұлт өкілдері ересек тұрғындарының 69 пайызы мемлекеттік тілді меңгерді. Қазақ тілін оқытуды жалғастыру әрі орыстілді тұрғындардың мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне жағдай жасау бағытында «Южный Казахстан» газетінің ұжымымен бірлесіп, «Учим казахский вместе с «Южанкой!» айдарымен орысша-қазақша тілдескіш сөздіктер әзірленіп, газет бетінде жарияланды. Бүгінде аудан, қалаларда 43 тілдерді оқыту курсы жұмыс жүргізеді. Оның ішінде Созақ ауданында 5 курс бар. Арыс қаласында, Мақтаарал, Төле би, Ордабасы аудандарында тілдерді оқыту үйірмелері мен ақылы курстар жұмыс жүргізуде. 2. Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында: «Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деді. Бұл тапсырманы орындау үшін мектеп бітіруші түлектер тапсыратын Ұлттық бірыңғай тест бойынша қазақ тілінің бағасын негізгі пәндер қатарына енгізу қажет деп есептейміз. Біздіңше, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тіліне айналуын қамтамасыз ету үшін барлық салаларда, әсіресе, халыққа қызмет көрсету саласында қызметке кірерде мемлекеттік тілді білу талабын қою, оны бақылау үшін арнайы емтихан тапсыру мәселесін енгізу керек. Тағы бір өзекті мәселе – коммерциялық құрылымдардың маңдайша, жарнама жазуларының бейберекет, латын, ағылшын әріптерімен жазылуында болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтырып, ретке келтіру үшін «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындауда. «Ономастика туралы» заң қабылдау да кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. 3. Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жаңа жоспарға сәйкес 2015 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген оңтүстікқазақстандықтардың үлесін 93 пайызға, орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 70 пайызға, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 10,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Әр аудан, қала бойынша тұрғындардың тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгеру деңгейіне тұрақты түрде талдау, сараптау жүргізіліп, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу үшін нақты іс-шаралар жоспары түзілді. Елбасымыз: «Үш тілді білу біздің болашағымыз үшін қажет. Әлем барған сайын жаһандана түсуде, келешек ұрпаққа үлкен тілдік орталарға бейімделе білудің маңызы зор» деді. Осы бағытта ағылшын тілінің үздік мұғалімдерінің дерекқоры жасалып, тілдерді оқытудың жаңа технологиялары бойынша семинарлар өткізіліп, облыс аумағына әдістемелік көмек ретінде таратылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы бекіткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасы» мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын облыста іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып, жастардың патриоттық сана-сезімін арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тілге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған байқаулар, форумдар мен олимпиадалар, мемлекеттік тілдегі ісқағаздардың сауаттылығына, жүргізілу тәртібіне байланысты салалық семинарлар, ғылыми конференциялар, басқа да іс-шаралар республикалық, облыстық деңгейде өткізіліп, одан әрі өз жалғасын табады. Облыс орталығының негізгі көшелерінде мемлекеттік тілді, ұлт бірлігі мен татулықты насихаттайтын көрнекіліктер мен билбордтар әзірленіп, орнатылады.

3597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9130

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7270

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5010

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4394

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4358

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4319

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4053

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4046

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы