• Тіл
  • 07 Шілде, 2011

Сайын (Бату) хан билеген Жошы ұлысы

Шыңғысханның немересі, Жошының сүйікті ұлы Сайын әкесі өлген соң ресми түрде таққа отырды. Оның шын аты моңғолша Баты екендігін моңғол тарихының білгірі Зардыхан Қинаятұлы атап көрсетеді. Тегінде, Сайын атауы оған жеке басының адами қасиеттеріне байланысты кейінірек, Қыпшақ даласында таңылған. Тарихымызда Сайын ханның Жошы ұлысы тағына отыруы турасында бірнеше дерек бар.Өтеміс қажының «Чингизнаме» дерегінде аяқ­астынан қайтыс болған, соңына өсиет қал­дырып үлгермеген Жошыдан қалған тақты бәй­бішеден туған екі ұл Ежен мен Бату біріне-бірі ұсы­нып, мәмі­леге келе алмай, інілерін ертіп, Моң­ғолиядағы Шыңғысханға барады. Ол болса Са­йынға алтын босағалы жібек Ақ орда тіккізіп, құр­меттеп, әкесінің орнына таққа отырғызады. Ал Әбілғазыда мәселе басқашалау көрсетіледі: Жошы қазасына байланысты қайғылы күндер аяқ­талған соң Шыңғысхан Ұт­шықынды Қыпшақ дала­сына жіберіп, Батуды әке­сінің орнына тақ­қа отырғызады. Екі деректің де тарих үшін құн­дылы­ғын ескерер болсақ, бұл айтыл­ғандарды бір оқи­ғаның екі кезеңі ретінде қарастырған жөн тәрізді. Әрине, Сайын (Бату) таққа ресми отырғанға дейін қабылданған дәстүр бойынша Жошы ұлысында үлкен ұл Ежен билеуші болып есептелді. Қалай десек те, ұлы атасының өзінің құзырымен Сайын Қыпшақ даласының дара билеушісі болды. Алайда Сайын таққа отырғанын тойлап жатқанда Шыңғысханның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар келді. Сайын хан енді орнына інісі Тоқай Темірді қалдырып, бес інісін ертіп, Ұтшықынмен бірге мемлекет астанасы Қарақорымға келді және осында, 1229 жылы шақырылған құрылтайда Үге­дей­ді Шыңғыстың орнына таққа отырғызу рәсімі­не қатысты. Үгедей оны бұрынғысынша қып­шақ даласының билеушісі ретінде билікте қалдырды. 1236 жылы болған келесі жалпымоңғолдық құрылтай батыс аймақтарға жорықты жалғастыру туралы шешім қабылдады. Жорықты басқару Сайын ханға тапсырылды және оған Шағатайдың, Үге­дейдің, Төленің үлкен ұлдары басқарған әскери жасақтар қатысты. 1237 жылдың күзінде моңғолдар мұз басқан Еділден өтіп, 1240 жылға дейін орыс кнәздіктерінің жерлерін ту-талақай етіп тонады. Бұл бағыттағы алғашқы жау Еділ Бұлғарлары болды. Әрине, Сайын басқарған қалың қолды құраған Шағатайдың, Үгедейдің, Төленің ұлдары өз аймақ­тарындағы тұңғыс-манчжұр және моңғол­тілдес тай­палардан да жасақ жинады. Олардың біразы моңғол жаулауының алғашқы кезеңінде-ақ Хорезм жерін және Қыпшақ даласын қонысқа айналдырып үлгергендер болатын. Атап айтар болсақ, бұлар Минг, Сарай, Юз, Маңғыт, Қият, Муитан, Бахрин, Оймауыт, Митан, Татар, Қалмақ, Тубай, Курлаут тәрізді тайпалар еді. Әртүрлі тілде сөйлейтін басқыншылардың осы­нау қалың қолы Татарлар (Тартарлар) деген ортақ атауға ие болды. Бұл атауды Еуропаға алып бар­ған Қыпшақ даласындағы түркітілдестер еді. Моң­­­ғолдардың бұрынғы бабалары Шибей (Шығай) татарлары болып табылатынын олардың батыстағы түркітілдес көршілері жақсы білетін. Оның үстіне Моңғолия үстіртіндегі тайпалық бірлестіктердің Жабайы татарлар, Қара татарлар, оңтүстіктегілердің Ақ татарлар ретінде белгілі болғаны бар. Осы далада Отыз татарлар, Тоғыз татарлар деп әртүрлі сандық көр­сеткішпен аталғандар тағы бар. Бұл бірлестіктерге кір­ген­дердің біразы түркітілдестер болса да, татар атанып кетті. 1237 жылы Сайын басқарған қалың қол Қара теңіз, Дон аймағындағы жерлерді басып алды да, Дунай бойына шықты. Мұнда ол ешқандай елеулі қарсылыққа кездесе қойған жоқ. Тарихта моңғолдарға қарсы Киев Русі деген мемлекеттің оларға тойтарыс бергені туралы қисынсыз әңгіме кеңестік кезеңдегі тарих оқулықтарын жайлап алған болатын. Басып алған жер кеңейген сайын оны басқару ісі үлкен, түйіні шешілмес мәселеге айнала бастады. Мұның өзі Үгедейдің мансапқұмар ұлы Күйік пен Шағатайдың немересі Бөрінің дара басшы Са­йын ханға қарсылықтарын күшейте түсті. Жағдай 1241 жылдың соңында ұлы хан Үгедейдің қайтыс болуына байланысты тіптен шиеленісе түсті. Сайын ханның Үгедей және Шағатай ұрпақтарымен текетірестері әкесінің орнына Күйік ұлы хан болып таққа отырған тұста әбден асқынды. Деректерге назар аударсақ, Күйіктің тіптен Сайын хан басқаратын Қыпшақ даласына арнайы жорық жасауға әрекеттенгенін де байқаймыз. Алайда бұл ахуал ұзаққа созыла қойған жоқ. 1248 жылы ол қайтыс болған соң жағдай өзгерді. Енді Сайынның тікелей қол­дауымен таққа отырған Тулидің ұлы Мөңке таққа та­ла­су­шылардың көздерін жойды. Осылайша Шың­ғыс хан империясында шын мәнінде екі адамның ғана, Ұлы хан Мөңкенің және оның сенімді қолдаушысы, Шыңғыс ұрпақтарының ең үлкені болып табылатын Сайын ханның мерейі үстемдік алды. Сайын хан билеген бұрынғы Жошы ұлысын еуропалықтар Алтын Орда деп атады. Бұл, тегінде, Сайын ханның Еділге құятын Ахтуба бойында тұрғызылған, мұнаралары алтынмен апталған ордасына байланысты шыққан атау болса керек. Бытыраңқы, бірін-бірі мойындамайтын майда орыс кнәздіктерінің бастарын Сайын хан тоғыстырды. Осыған байланысты татардың белгілі зерттеушісі Р.Фахредин былай деп жазған еді: «На самом же деле деяния Бату хана принесли русским много пользы, из-за них они перестали враждавать между собой. Они осознали, что причина междоусобиц была не в избыточности князей, а в их глупости. Осознав это, они стали собираться вместе. От монголов русские переняли приемы управления войсками, искусство ведения войны, научились также управлять государством. Приезжая ставку каганов и ханов, русские князья узнавали много нового, в том числе и новые законы, и набирались опыта. Словом, такое общение было для них настоящей школой, которая научила их порядкам организации общественной жизни. В сущности, именно уроки Чингис хана и Бату хана, а также огромное влияние Золотой Орды и превратили Русь в ту Россию, которой она позже стала. Поэтому русские должны не проклинать монголов, а благодарить их за науку». Шындығында да, орыс халқын топтастыруда, олардың бір орталыққа бірігетін мемлекетін қалыптастыруда Сайын хан негіздеген Алтын орданың рөлі зор. Сайын хан 1238 жылдың ақпанына дейін бұрын біріне-бірі бағынбайтын 14 орыс қалаларын (ішінде Мәскеу де бар) басып алғаннан кейін орыс кнәздері оны еріксіз мойындады. Алғаш 1243 жылы Ярославль кнәзі келіп бас иді. 1247 жылы Новгородтың атақты кнәзі Александр Невский өзінің бауырымен және көптеген бояр­ларымен бірге Алтын Ордаға келіп, бас иді. Орыс кнәздері 1249 жылдан бастап, Сайынға адалдықтарын білдіріп, оның ұлы Сартаққа жаппай ант беруге көшті. Бір сөзбен айтқанда, Алтын Орданың қоластына түскен халықтардың этносаяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын ала бастады. Байырғы түркітілдес Еділ бойының бұлғарлары енді «татар» атанып кетті, Қыпшақ даласында жаңа тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Бұл этникалық өзгерістер болашақ Ноғай, Қазақ, Өзбек, Башқұрт, Қарақалпақ тәрізді көптеген түркітілдес халықтардың қалыптасу үдерістерін жеделдете түсті. Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор

6553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9148

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7280

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5020

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4404

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4369

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4329

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4063

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4056

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы