• Білім және ғылым
  • 19 Наурыз, 2009

Бират Көшенов «Медициналық биофизика»

Бұл оқулық медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған, және осы оқу орындарының бағдарламаларына сәйкес жазылған. Мұндай оқулық бұрын аударылмаған, жазылмаған.Тиянақты еңбек медицинада, биологияда, биохимияда, химия мен физикада, сол сияқты сан алуан өлшегіш аспаптарды өндіру саласында шашырап жүрген, қолданыста бар мәліметтерді жинап, оңтайлы жүйелеген, ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, нанымды мазмұндаған. Ол 224 беттегі 6 тараудан, 31 тақырып пен 26 тақырыпшадан тұрады. Аса күрделі медициналық, биологиялық, химиялық құбылыстарды студенттерге түсіндіруде 133 суреттер мен сызба нұсқалар, 50-ге жуық формулалар қолданылған. Анықтамалар мен іргелес заңдардың, ережелер мен қағидалардың, теорияның түпкі мәнін ашып көрсету үшін автор күрделі математикалық, физикалық өрнектен бас тартып, бұл мәселелерді қарапайым тілмен ұтымды баяндауға тырысқан.

7728 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы