• Қоғам
  • 20 Желтоқсан, 2011

Самұрық-Қазына» және халықаралық ықпалдастық

Астана қаласында Стратегиялық ынтымақтастық­тық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесі­нің үшінші отырысы болып өтті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры шетелдік бизнес серіктестерімен ықпалдастық бағыттағы жұмыстарын нығайтуда. Бұған дәлел жақында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Т.Құлыбаевтың және Deutsche Bank AG Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы директоры П.Тильстың тең төрағалығымен әрекет жасайтын Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы болып өтті. Отырыста инвестициялар мен инвестицияларды дамыту саласындағы өзекті ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-қорының қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов жиынды ашқан сөзінде: «Қазақстан мен Германияның стратегиялық әріптестігінің басты кілті – инновациялық жобалар болады. «Самұрық-Қазына» қоры неміс инвесторларын химиялық, өнеркәсіптік, фармацевтикалық, көлік, инжиниринг, машина жасау салаларына көптеп шақыруда. Өткен жылы неміс инвестициялары 3,6 миллиард долларға жетті. Біздің ел Германия технологиялары мен инвестицияларын қажет етеді, сондықтан қор Германия компанияларын әріптестік байланысқа шақырып отыр», – деді. Қазақстанда экономикалық ахуалды тұрақтандыра отырып, қор индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға ден қойды.Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының тобы жалпы құны $15 млрд. асатын 24 жобаны іске асыруда. Бұл жобалар теміржол және мұнай-химия салаларында, электр энергиясын өндіру және тарату саласында, сондай-ақ басқа да салаларда іске асырылады. Ұлттық экономиканы ойдағыдай дамыту өндірісті әртараптандыруға, инновацияларды енгізуге және сонымен бір мерзілде қоршаған ортаны қорғаудың қатаң стандарттарын сақтаумен тығыз байланысты. Бұл жағынан алғанда, Германияда бар «жасыл көмірсутегі төмен экономиканы» енгізу, экологиялық проблемаларды шешу, қалдықтарды кешенді түрде өңдеу тәжірибесіне Қазақстан мүдделі. Осыны ескере оты­рып, «Самұрық-Қазына» қоры металлургия, химия және фармацевтика, көлік және телекоммуникациялар, инжиниринг және машина жасау секторларында ынтымақтастыққа германиялық компанияларды шақырады. «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы Даурен Ердебай, өз сөзінде, Германия әлемдік үлесі 6 пайыз болатын химия өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан тарапы неміс химия индустриясын дамыту, технологиялар парктерін салу және тағы басқа тәжірибесіне мүдделі. Бұл орайда, Д.Ердебай консалтинг, персоналды оқыту және бірлескен жобаларды құру саласында неміс тарапымен қазақстандық компаниялардың ықтимал ынтымақтастығын көріп отырғанын атап көрсетті. Өз кезегінде, «Сименс Орталық Азия» ЖШС президенті Кай Цвингенбергер өз сөзінде, Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан энергия тұтынысқа назар аударды. Оның деректері бойынша жыл сайынғы өсім 5-6 пайызды құрайды. Тұтастай алғанда, Кай Цвингенбергер Қазақстанның энергия инфрақұрылымына инновациялар мен инвестициялар қажет деп санайды. Ол электр стансаларының 65 пайыз жабдығы бүгінгі таңда 20 жылдан астам, ал 31пайызы 30 жылдан астам қолданылып келе жатқанын атап өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі А.Рау, Германия Экономикалық клубының басшысы, BASF AG компаниясының инновацияларды басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Ф.Крюкль, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры П.Бхамре, «Атамекен» ҚҰЭП төрағасы А.Мырзахметов өз сөздерінде өзара пайдалы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы да әңгімеледі. Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақ­стан-Германия Іскерлік кеңесі 2010 жылы 18 шілдеде Қазақстанда Германия Канцлері Ангела Меркель сапарының қорытындылары бойынша құрылған болатын. Іскерлік кеңес Қазақстан мен Германияның ұйымдары мен бірлестіктері арасында іскерлік байланыстардың тиімділігін арттыру мақсатында үйлестіруші әрі консультативтік орган ретінде әрекет жасайды. Іскерлік кеңестің негізгі міндеттері: Қазақстан мен Германияның экономикалық беделін арттыру, сауда және инвестициялар саласында Қазақстан мен ГФР компаниялары арасында ынтымақтастықты нығайту және тереңдету, екі елдің іскерлік шеңберлері компаниялары мен бірлестіктері арасында тікелей келісімшарттар мен тікелей ақпарат алмасуды ынталандыру, құзіретті органдармен тұрақты диалогты қолдау арқылы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолында тосқауылдарды анықтау және оны жеңу, екі елде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайлар жасау бо­йынша ұсынымдар әзірлеу тәрізді ауқымды мәселелерге құрылған. Сарапшылардың пікірінше, Германия мен Қазақ­стан арасындағы бизнес саласындағы әріптестік байланыстар күн өткен сайын жанданып келеді. Бұл екі елдің бір-біріне деген сенімі мен достық қарым-қатынасын көрсетеді. Неміс делегаттарының айтуы бойынша, Қа­зақстан Германияның Орталық Азиядағы басты серігі болып табылады. Аталмыш отырыста инвестиция мен инновация саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ортақ шешімдер, екі жаққа да пайда әкелетін бизнес-жоспарлар айқындалды. «Самұрық-Қазына» қоры­ның басқарушы директоры Сабыр Есімбеков Қазақ­стан Германияның тәжірибесін игеру бойынша қызы­ғу­шылық білдіріп отырғанын атап көрсетті. «Біз өзіміз­дің алдымызға айқын мақсаттар қойып отырмыз. Олар техникалық әріптестік, технология трансферті, қазақ­стандық мазмұнды арттыру, Қазақстанда Германия ком­панияларының көмегімен жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізат тәуелділігінен арылу», – деді Сабыр Есімбеков. Дабыл ТӨЛЕГЕН

2445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы