• Тіл
  • 19 Сәуір, 2012

Пікірлер ортаға салынды

Соңғы кездері қазақ тілінде шығатын басылымдарда «Мемлекеттік тіл туралы» заң қажет екені жөнінде мәселе қозғалатын болды. Әсіресе, билік орындарының мемлекеттік тілде қызмет атқармайтыны туралы жұртшылықтың реніштері де жиі естілуде. Бұл жайт қоғамдық ұйымдарды да толғандырып жүргені белгілі. Бұл күндері қазақтардың саны республика халқының 60-70 пайыздайына жетсе де, олардың дені қазақ тілінде сөйлесе де, сондай-ақ, ұйғыр, өзбек және өзге ұлт өкілдері арасында да қазақ тілін меңгергендер аз болмаса да билік органдарындағы шенеуніктер қазақша қызмет етуге, іс қағаздарын бірыңғай қазақша жүргізуге ықылас танытпауы бәсеңдер емес. Ал Конституциямызда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілсе де елімізде негізінен орыс тілі мемлекеттік тіл ретін­де қолданудан жаңылар емес. Мұның өзі Конституцияға қайшы құбылыс екені баршаға белгілі. Ал «Тілдер туралы» заң­да мемлекеттік тілді қорғайтын баптар­дың жоқ болуы да мұндай келеңсіздікті асқындыра түсуде. Міне, осындай жайттар түрткі болып, бір топ қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмысшы тобы құрылып «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы былтыр қазан айында жасалып, тәуелсіз сараптаулардан өткізіліпті. 17 сәуір күні «Темірқазық» пікір-сайыс клубында осы заң жобасын талқылау болып өтті. Заң жобасын жа­сау­ға жетекші болған «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім бұл құжатты қашан, қалай, қандай мақсатпен жасалғанын баян етті. Оған жұмысшы тобының мүшелері «Ұлт тағдыры» қозғалысынан Болат Дүйсенбі, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер одағынан Болат Бөтеев, «Аллажар қолдау» қоғамдық қорынан Марат Бөтеев, «Мемлекеттік тіл» қозғалысынан Нұржан Ошанбеков, Тіл институтынан Нұргелді Уәли, «Руханият» партиясынан Бәшір Жа­налтай, философ, публицист Әбдірашит Бәкірұлы белсене қатысып, көп ізденіп, көп еңбек сіңір­ген көрінеді. Жобаны талқылауға қатысқан қа­зақ тілін қорғауда күрескерлік танытып жүрген ақын Мұхтар Шаханов, белгілі жазушы әрі ғалым Советхан Ғаб­басов және өзге пікір білдірушілер бұл жобаның еліміз өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз етіп, қоғамда қазақ тіліне қажеттілікті арттыратынын, алайда қазіргі билік орындарында қазақшаға мұрын шүйіре қарайтындар басым болғандықтан, оны қабылдай қоюы неғайбіл екенін, солай болса да мұндай талпыныс алғы кезеңде жүзеге асуы мүмкін екені жөнінде айтумен қатар, кейбір кемшін тұстарын жетілдіре беру қажеттігін білдірді. Талқылауға жиналғандар жобаны әлі де жетілдіре отырып, Үкімет пен Парламент қарауына ұсынуды мақұлдады. Қуанбек Боқаев

2565 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9283

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7359

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5102

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4484

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4448

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4407

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4144

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4137

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы