• Тіл
  • 19 Сәуір, 2012

Әңгіме өзегі – мемлекеттік тілде іс жүргізу

Мемлекеттік тілде жүргізілетін іс-қағаздарда бірізділік жоқтың қасы. Қазақ тілінде дайындалатын құжаттардың талапқа сай келе бермейтінін, ондағы түрлі қателерді күнделікті өмірде көріп жүрміз. Осы мәселеге орай жақында Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» атты конференция болып өтті. Конференция жұмысына тиісті сала­ның ғалымдары, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты қызметкерлері мен қазақ тілінде іс жүргізумен айналысып жүрген мамандар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Басқарма бастығы Мамай Ахетов өзінің сөзінде мемлекеттік тілдің басты мәселелеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарды жүргізу бір ізге түспей отыр. Осыдан келіп, мемлекеттік тілде ресімделетін құжаттардың мазмұнына қатысты түрлі мәселелер туындайды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Хасанұлы «Құжаттама жасаудың жарияланған үлгі­лік ережелері бойынша кейбір ескертпелер» тақырыбында баяндама жасады. Ол мемлекеттік тілдегі іс-қағаздардың жүзеге асырылуы үкімет тарапынан қа­да­ға­ланып отырса да мемлекеттік тіл әлі күнге дейін аударма тіл дәрежесінде қол­данылып келе жатқанына қынжы­лыс біл­дірді. «Конституциямыздың 66-шы тарауы бойынша Үкімет барлық заңдар­дың орындалуын қамтамасыз етеді. Ал мемлекеттік тіл заңының орындалуы барысына қадағалау жүріп жатыр ма, жоқ па?» деп жиналғандарға ой салды. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Анар Салқынбай «Қазақша құжат неге құнсыз?» деген тақырыпта сөз сөйледі. Ғалым қазіргі таңда мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары бар екенін, ғаламтор сайттарында да іс жүргізудің бірнеше үлгілерін табуға болатынын айтты. Алайда, олардың әрқайсысы әртүрлі. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, мемлекет 2020 жылға дейін халықтың 97 пайызын мемлекеттік тілде сөйлетуді мақсат етіп қойып отыр. Бұл туралы Елбасының қолы қойылған бағдарлама бар. Есептеп қарасақ, 2020 жылға дейін 7-8 жылдай уақыт қалыпты. Егер біз «сөз тіркесі дұрыс жазылмапты, аударма мәтінінде қате кетіпті, сөйлемнің грамматикалық құ­ры­лымы дұрыс жазылмапты» деп оты­ра беретін болсақ, онда бізге тағы да 20 жыл керек болады. Олай болмауы үшін не істеуіміз керек?» деп, мәселе көтерді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің аға оқытушысы Нұрлан Тухметов «Қазақша іс жүргізуде шетел тілі материалдарын пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша жасаған баяндамасында аударма саласындағы қарама-қайшы тұстарға қатысты өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар, конференция жұмысының барысында «Қазіргі таңдағы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу жағдайы» (А.Нәдірбаева), «Құқық қорғау органдарында қолданылатын іс қағаздарының ерекшеліктері» (Ғ.Иманәлиева), «Қазіргі кезеңдегі қазақ тілінде іс жүргізудің мәселелері» (Х.Қарабаева), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын инновациялық технологиямен оқыту» (Р.Шоқанова), «Б.Хасанұлының «Іс жүргізу әлемі – мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы» атты кітабының маңыздылығы ту­ра­лы» (Қ.Қалабаева), «Мемлекеттік тіл­де іс жүргізу және мұрағат ісі» (Н.Нұр­манова) тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Конференция соңында «Іс қағаздарының үлгілері (жергілікті атқарушы органдардың құжаттары)», Б.Хасанұлының «Іс жүргізу әлемі – мем­лекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы» кітаптары, мемлекеттік тілде іс-жүргізуге қажетті көмекші құралдар, электрондық нұсқаулар таратылды. Дәуіржан Төлебаев

4278 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9270

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7351

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5095

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4477

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4440

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4400

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4137

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4129

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы