• Тіл
  • 19 Сәуір, 2012

Депутаттардың тілдесуге «қолы тиер» емес

Саясат сахнасының қазақшаға шорқақ «шортаны» мен «шабағының» барлығын «Өзімізден бастайық» айдарының мінберіне мейман ғып шақырмақшы едік. Кейін басқаларға да бұрылдық. Бұған дейін осы айдарда сын садағына ілігіп қалған кейбір тұлғалардың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Президент қабылдауында болғанын көрдік. Соның ішінде біздің газетімізде бұрын қазақ тіліне жетіктігі жайында жазылған Наталья Дементьева да бар еді. Сол жиында Наташаның қазақша сөйлегеніне риза болған Елбасы: «Келесі жолы Жәния да қазақша сөй­лейтін болады» деп, сосын «Солай ма?» деп жанында отырған Жәния Яхияқызына жауапты міндет жүктеген. Естеріңізде болар, Жәния Әубәкірованың есімі біздің осы айдарда аталған еді ғой.

Хош. Депутаттық орын­тақ кейбіреуді «күрт өзгерте ме?» деп қалдық, бұрын басқа қызметте жүрген­де, яғни халық қалау­лы­ла­ры болмай тұрғанда журналис­термен тәп-тәуір сөйле­се­­тін кей шенеуніктер бү­гін­­де әлдеқандай жайтқа қатыс­ты пікір білдіруден де қашқақтайтындай. Мә­се­лен, депутат ханым Ай­гүл Нұркинаны «ұстай алма­ғанымызға», сіз­ге – өтірік, бізге – шын, жарты жылдың жүзі болды. Жүзін тек теледидардан танып білетін Айгүл Қабдешқызының аузынан бір түйір қазақша сөз ести алмай қиналдық. Депутаттық сауалдары да, телеарналарға берген пікір­лері де орыс тілінде. «Кім біледі, қазақша білетін шы­ғар, біз ести алмай жүрген шығармыз» деген үмітпен тілдесуге ниеттенгенімізге де біраз болды. Ал қабылдау бөлмесіндегі көмекшісінің аузынан «Жоқ» дегеннен өзге сөз естімейміз. Іздеп жүріп, бұрын өзі тұрған, қызмет еткен Павлодар өңірінен таныстар таптық. Олардан Айгүл ханымның ұялы телефонын алып, дереу телефон шал­дық. Сол сәтте Айгүл Нұркина туған өңірінде іссапарда жүрген еді. Қызығын қа­ра­ңыз, Айгүл Қабдешқызы қалта байланысындағы бөгде нөмірлерге де жауап бермейтін болып шықты. Қоңырау барып тұрғанымен, тұтқаны еш көтерген емес. Әлде Астанадан қашықта жатқан Алматыдағы БАҚ-қа айтар базынасы бар ма екен? Енді бізге бұл ханымды Мәжілістің дәлізінен тосып алып, сұраққа тарту ғана қалғандай. Бір кез­дері депутаттардың «журналистер дәлізден ұстап алып, сұраққа тартпасын. Видеоға түсірмесін» деген сы­ңай­да «ескерту» жасағаны есімізге түссе, күлкіміз келеді. Алайда біздің әріптестер олардың бұл ойын жүзеге асырар емес. Айтпақшы, Президенттікке үміткер кезінде ең «қол­жетімді» кандидат болған Жамбыл Ахметбеков те депу­тат болғалы БАҚ-пен арасын алыстатып алды. Біз өз бағ­­дар­ламасында мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жарытып ештеңе айта қоймаған Жамбыл Аужанұлының қазақ тілінің ахуалы жайында бүгін не айтатынын шы­ны­мен-ақ естігіміз келген еді. Өкінішті-ақ. Кабинетте­рін­де тұрақтамайтын, қалта телефондарын көтермейтін осындай «халық қалаулыларына» газет арқылы «іздеу» саламыз. Мүмкін, өздерінің суреттерін газеттен көріп хабарласып қалар деген үміт те жоқ емес. Динара ІЗТІЛЕУ

2656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9275

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7356

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5099

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4481

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4445

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4404

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4141

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4134

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы