• Қоғам
  • 18 Мамыр, 2012

Мемлекеттік рәміздер - киелі құндылық

1-bet-muhtar-kulmuhammet15 мамыр күні Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жөніндегі айтқан ұлағаттары жұрттың есінде. «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек, – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар – біздің ең киелі құндылықтарымыз. Бұл – біздің халқымыздың мақтанышы». Бұл ұлағатты әр азамат терең түсіністікпен сезіне білуі тиіс екенін Мемлекеттік хатшы отырысқа қатысқандардың есіне салды. Бұл үшін еліміздегі бүкіл оқу-тәрбие, насихат жұмысында бұл мәселеге баса мән берілгені жөн. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін Мем¬лекеттік рәміздерді қасиет тұту¬ды – Отанды қастерлеу деп сезінгені ләзім екенін ұғыну қиын емес болар. Солай болса да, кейінгі кезде кейбір азаматтардың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге мән бермейтіні байқалып жүр. Мұндай оқиғалар, әсіресе, спортшылардың шетелге шыққан кезінде орын ала¬тын болды. Сондай-ақ, Қостанайда, Атырауда, Павлодарда өткізілген әлеуметтік шараларда Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің тиісті дәрежеде жасалмауы, тіпті оның өрескел бұзылуы жұртшылықтың наразылығын тудырғаны белгілі. Мұндай келеңсіздікті жоюға ба¬ғыт¬талған шаралар қазір қолға алына бастады. Осы мәселені қозғай келе Мемлекеттік хатшы отырыста биыл Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік рә¬міз¬дері қабылданғанына 20 жыл толатынын, қазір осы мерекені атап өтуге арналған тұтас шаралар кешені әзірленіп, бекітілгенін хабардар етті. «Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы әрбір қазақстандықтың патриотизм мен елге деген мақтанышын оятатын мерекеге айналуы үшін барлық қажетті шараларды атқару қажет» деп қадап айтты Мемлекеттік хатшы. Мұнан кейін Мұхтар Құл-Мұхаммед «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заң талаптарының бұзылуына жол бермеу жөнінде сөз қозғады. Әсіресе, Мемлекеттік органдар заң бұзушылық оқиғалары орын алғаны туралы БАҚ-ының және депутаттардың дабыл¬да¬рын күтіп отырмай, бұған батыл тойтарыс беретіндей шараларды жүзеге асыруға міндетті. Заң бойынша мұндай келеңсіздікті тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тарту да қарастырылған. Мемлекеттік хатшы соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселе жиі қозғалып жүрген Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге байланысты атқарған жұмыстары мен Ауылшаруашылығы министрлігінің жүзе¬ге асырған шараларын талқыға салды. Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ер¬мегияевтің, Білім және ғылым ми¬нистрі Бақытжан Жұмағұловтың, Ау¬ылшаруашылығы министрі Асыл¬жан Мамытбековтің және Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай¬дың, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің есептері тыңдалды. Мемлекеттік хат¬шы комиссия мүшелеріне айқындалған міндеттер бойынша тапсырмалар жүктеді. Қ. БОҚАЕВ

3598 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы