• Қоғам
  • 18 Мамыр, 2012

Ұжымдық қауіпсіздіктен ұтарымыз көп

nazarbaev-n1

Өткен сейсенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасы Мәскеуде болып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты. Ұйым биыл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуының 20 жылдығы мен ҰҚШҰ-нің бекітілуінің 10 жылдығын атап өтуде. Осы орайда мерейтойлық саммит Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуімен ашылды. Қазіргі таңда ҰҚШҰ посткеңестік елдер аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қолдаудағы ықпалды құралға айналды. 1992 жылдың 15 мамырында Ташкент қаласында өмірге келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бүгінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сынды жеті мемлекеттің басын қосқан аймақтық халық¬ара¬лық ұйым болып табылады. Оның негізгі мақсатына келсек, ҰҚШҰ жарғылық міндеттеріне сәйкес әлемдік бейбітшілікті нығайту, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздік ошақтарын жою және ұжым¬дық негізде ұйым мүшелерінің тәуелсіздігіне қолсұғушылыққа жол бермеу, сондай-ақ, саяси құралдарға басымдық бере отырып, Ұйым мүшелерінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге күш салады. Осынау алып ұйымның сессиясын аша отырып, Ресей Президенті Владимир Путин, оның 10 жылдық жұмысына жоғары баға берді және ұйымның халықаралық беделі артқанын атап өтті. Одан кейін ҰҚШҰ-ның осы жолғы отырысына төрағалық еткен Елбасы отырыстың күн тәртібін айтып өтіп, қалыптасқан дәстүр бойынша әріптестік ахуалда ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелері талқыланатынына сенім білдірді. Қазақстан басшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тамаша мерейтойлық сессиясын ұйымдастырғаны үшін ресейлік тарапқа ризашылын білдірді. Ресей президенті Владимир Путинді сайлаудың табысты өтуімен, жақында өткен ұлықтау рәсімімен және Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сессия барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары әлемдегі өзекті мәселелерді талқыла¬ды. Қазіргі заманғы жаһандық және аймақтық қау¬іп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша келешек¬тегі бірлескен қадамдарды айқындады. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуінің қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының Декларациясы қабылданды. Одан кейін сыртқы істер, қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік кеңесінің хатшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің пленарлық отырысы болып өтті. Сессияға қатысушы тараптар Ұйымның өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларын шығара келе, оның қызметінің жоғары нәтижесін атап өтті. Осы ретте сессияға қатысушы мемлекет басшылары Ұжымдық бітімгерлік қызмет туралы Келісім қабылдады. Сондай-ақ, сессияның мерейтойлық сипатын ескере отырып, келіссөздердің қорытындысы бойынша «ҰҚШҰ Құрмет белгісін бекіту туралы» және «Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымына қол қойылуына 20 жыл толуына байланысты Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Құрмет грамотасымен марапаттау туралы» бірқатар шешімдерге қол қойылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ сам¬митінің аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты кездесу өткізіп, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, қос ел арасындағы әріптестік әлеуетті және сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуды талқылады. Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Ресей Президенті бұл шақыруды қабыл алды. Сұлтан ҚАДЫРБЕК

2902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы