• Білім және ғылым
  • 30 Наурыз, 2009

Қазақстан тарихы сабақтарында қолданылатын кестелер мен графикалық сызбалар

Бауыржан ЕШМАҒАМБЕТОВ Жуырда «Білім» баспасынан «Қазақстан тарихы сабақтарында қолданылатын кестелер мен графикалық сызбалар» атты оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. Авторы Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы №16 қазақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі – Бауыржан Ешмағамбетов. Бұл көмекші құрал мектепте тарих сабағын оқытуды жаңа технологиялық талаптарға сай жүргізуге негізделген. Себебі тарих пәнінен сапалы білім беру жолдарының тиімді түрлерінің бірі кестелер, тірек және графикалық сызбаларды пайдалану. Дәріс берудің бұл әдісі оқушылардың тарихты түсінуіне де жеңілдік туғызады. Көмекші құрал тарих пәні мұғалімдері мен бірыңғай ұлттық тестке дайындау кезеңінде пайдалану үшін мектеп бітірушілерге арналып жасалған. Әдістемеде қазақ даласында адам баласы пайда болғанннан бастап, ежелгі мемлекеттердің қалыптасу тарихы және түркілік дәуір, сондай-ақ ұлттық мемлекеттің қалыптасу, даму кезеңдері кестелер мен сызбалар арқылы әр қырынан қамтылған. Аталмыш кітаптан оқырман дүниежүзі діндер тарихы, Қазақстан тарихының кезеңдері, Күлтегін ескерткіші, Бехустин жазбасы, Сақ тайпаларының бірлестігі, Ғұндар, Түрік қағанаты, Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы мемлекеттер, Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Моңғол ұлыстарының құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің қоғамдық құрылысы, қазақ хандығының жеті сатысы сияқты көптеген тарихи деректерге толы мол мағлұмат ала алады.

10493 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы