• Ақпарат
  • 12 Қыркүйек, 2012

Алматы – ән ажары

Жыл сайын Алматы күні қарсаңында ұйымдастырылатын «Алматы жүрегімде – 2012» ән байқауы биыл да жарияланған еді. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, Құрмет дипломдарымен марапатталады. Ал конкурстың бас жүлдесі – автокөлік.  Қатысуға ниетті өнерпаздар CD форматында жазылған ән немесе концерт­тік орындаудағы аудио, сонымен қатар орындалатын әннің мәтіні мен орындаушы­­ның фотосуретін Мәдениет басқармасына 25 тамызға дейін жіберіп үлгерген-ді. Алматы қаласының мәдениет бас­қармасы мамандарының хабарлауын­ша, оңтүстік астана туралы үздік әнге жарияланған байқау қыркүйек айының 14-і, яғни ертең қала күні мерекесі аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтеді. Бұрын жарияланбаған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде шырқа­латын Алматы туралы ән байқауына халықаралық, ұлттық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдарға қаты­сып, тәжірибе жинақтаған 18 бен 30-дың арасындағы жас эстрада әншілері қатыстырылады. Сондай-ақ байқауға ұсынылған ән міндетті түрде «тірі» дауыс­пен айтылады. Өткен жылы мұндай байқаудың бас жүлдесі «Аяла» тобына берілген болатын. «Алматы жүрегімде – 2012» атты ән байқауы дарынды жас композиторлар мен орындаушыларды қолдау үшін, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен патриот­тық сезімді тәрбиелеу және Алматының мәдени орталық ретіндегі имиджін қолдау мақсатында, осыған қоса композиторлар­ды шабыттандыру үшін қолға алынып отыр» дейді ұйымдастырушылар. Қара қылды қақ жаратын қазылар алқасының құ­­рамында Халық артистері мен елге танымал өнер зерттеушілері бар. Олардың саны оннан асып жығылады. Қатысушы­лар­­­дың өнері 10 балдық жүйемен есепте­леді. Өткен жылғы байқау барысында қызды-қыздымен қала әкімі ән шырқап жібер­ген болатын. Биылғы жарыстың да тосын сыйлықтар мен күтпеген қызықтарға кенелтетіні хақ. Қала күніне орай тағы бір шара 16 қыркүйек күні 20.00-де Орталық стадионда болады. «ALMA DANCE» деп аталатын музыкалық концертке Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады. Белгілі орындаушылар алматылықтар мен қала қонақтарына өздерінің үздік әндерін тарту етеді. Сахнада «Орда», КешьЮ», «Buhar Jerreau», «Сhick Fick», «Индиго», «Асыл» топтары мен қазақстандық Луина, Нұржан Керменбаев және итальяндық әнші Сон Паскаль ән шырқамақ. Осы күнгі, яғни 16 қыркүйектегі тағы бір жаңалық веложарыс өтеді. Ол Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өтпек. Соңынан жарысқа қатысушыларды марапаттау және мерекелік концерт болады. Нұрлан ҚҰМАР

2690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8194

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6736

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4483

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3865

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3832

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3792

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3522

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3518

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы