• Ақпарат
  • 12 Қыркүйек, 2012

Гөзелдің гүлдері

«Туған табиғатты аялайық» атты тақырыппен ұйымдастырылған дәстүрлі бесінші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға еліміздің барлық аумағынан жүзден астам делегаттар бас қосқан еді.  «Алтынемел» ұлттық қорығында орналасқан Басшы ауылын­дағы іс-шара Райымбек атындағы орта мектепте басталды. Он төрт облыс, екі қаладан келген 300-ден астам делегаттар бәйшешек, шұғынық, түймедақ секілді дала гүлдері, алтыншар, құртқашаш сынды бақша гүлдері, жайыла өсетін арша, самырсын, майқарағай сынды қылқан жапырақтылар үйлесімді әрі өте жарасымды өсіп әрлендірген әлемге тәнті болды. Олар Нұрым, Басшы ауылдарындағы көгалдандырылған аймақтармен танысты, көгалдандыру бойынша шеберлік сыныптары өткізілді, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Білім ұясындағы 3,5 гектар жерге 150-ден астам әртүрлі гүл, 50-ге жуық ағаштар мен өсімдіктер отырғызылған. Жиынның негізгі мақсаты көгалданған үлгілі аймақты көрсету арқылы елімізде саябақ, бақтар санын көбейту және көріктендіру мәдениетінің дамуына үлес қосу екені айдан анық. Шараның ашылу салтанатында Алматы облыстық білім департаментінің бастығы Ғалия Аманова, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және тағы басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары өз ойларын ортаға салды. Ғылыми-танымдық конференция жезтаңдай әнші Нұрғали Нүсіпжановтың әнімен ашылып, жан-жақтан келген ұстаздар баяндамаларымен жалғасты. Мәселен, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәзила Мұқатайқызы, Жамбыл облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Алтынкүл Молдажанқызы, Қарағанды облысындағы Балқаш қаласы №15 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы, осы мектептің биология пәнінің мұғалімі Перуза Бақытқызы және басқа да ұстаздар өз білім ұйымдарында атқарылып жатқан экологиялық іс-шаралар, мамандар даярлау ісі туралы өз ойларын ор­таға салды. Сонымен қатар шара барысында Нұрым ауылындағы алма баққа еліміздің халық артисі Нұрғали Нүсіпжановтың есімі берілді. Республикалық ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен сол өлкедегі қарағайлы алқап, кірпігүлдер алаңы және көпжылдық өсімдіктер жайлы мәліметтерге көпшілік қанық болды. Сондай-ақ қазақ тілінде жарық көрген «Мектеп ауласын көгалдандыру», «Мектеп ғимараты ішін көгалдандыру», «Мектеп жанындағы өсімдіктер әлемі», «Балабақша ауласын көгалдандыру» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі болды. «Гүлді, жалпы көгалдандыруды кез келген адамның білгені жақсы. Біз Қытайдың алмасын жейміз. Өзбекстанның көкөнісін тұтынамыз. Үндістанның шайын ішеміз. Қырғызстаннан киім тасимыз. Ауыл адамдары еккен көкөністерін жазда бір-екі ай ғана тұтынады. Соған мәз. Сатуға, сақтауға жарамайды. Бізде агрономия саласын бітіргендер дип­ломын сандыққа салып қойып, басқа іспен айналысып жүр. Одан да ауылға барып, жылыжай салсын, ғылыми жолмен жүзеге асырсын бәрін. Гүлдерге қатысты іс-шараларға бара қалсаң, басқа ұлт өкілдері қаптап жүреді. Ал табысы аз салаға барсаң – кілең қазақ». Міне, гүл өсіру мәдениетіне, көгалдандыру саласына ерекше үлес қосып келе жатқан кәсіпкер, «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені­нің авторы, Ұлыбританияның «Виктория ханым» сыйлығының иегері Гөзел Құлжабаеваның айтқан әңгімелердің бір парасы осындай еді. Басшы ауылындағы білім ордасының алаңқайы шағын өсімдік бағына айналып тұр. Бастамашыл топ мұндай игі іске барлық республика халқын шақырып отыр. Егер әр елдімекен осылай көгалдандырылса мемлекеттің экологиялық мәселесі шешіледі және жаңа буын табиғатпен біте қайнап өсетініне күмән жоқ. Нұрлан ҚҰМАР Алматы облысы Кербұлақ ауданы

3333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8280

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6785

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4534

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3916

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3883

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3843

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3571

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3571

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы