• Тарих
  • 12 Қыркүйек, 2012

Қасиетті «Қоңыр әулие» үңгірі

Баянауыл өлкесі қазақтың талай жыр-шежірелеріне арқау болған құтты мекен. Қай заманды алсаң да Баянауыл елі қол бастаған батырларымен, сөз бастаған билерімен, қасиет дарыған әулиелерімен, суырып салма ақын-жырауларымен әйгілі. Сонымен қатар Баянауыл тек қана ғұламаларымен ғана емес, өзінің ерекше көркем табиғаты: жартасты жоталары, өсімдіктің сан алуандығы және қайталанбас тарихи ескерткіштерімен таңғалдырады. Осы сұлу өңірдің ғажайып ескерткіштерінің бірі – «Қоңыр әулие» үңгірін айтпасқа болмас.  Әр жердің шығу тарихына байланысты аңыз-әңгімелер көп. Әрине, олардың көбісі тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен сабақтасып жататыны – өмір ақиқаты. Олар аңыз-әңгімелер түрінде, заттық айғақтар түрінде бүгінгі күнге жетіп отыр. Солардың ішіндегі бүгінгі біздің құлағымызға жетіп, саналы із қалдырып, тәрбиелік мәнге ие болып жүрген аңыздың бірі ол «Баянауыл» деген сөз қалай шыққаны туралы. Өйткені қасиетті үңгір қазақ даласында сонау Тәңір заманынан келе жатқан киелі орын. Сол заманда өмір сүрген қазақтар Қоңыр әулие маңында орналасқан ана бейнесіндегі шалқасынан жатқан тауды «Баянды ана» деп атаған. Олай аталу себебі ауырған адам ем іздеп, баласы жоқ ана бала сұрап, кедей байлықты аңсап, бай байлығын асыруға осы таудың етегіне келіп, құрмалдық шалып, малдың шек майынан білте жасап, үңгірге келген адамдардың ниеттері қабыл болып, халық баянды өмір сүре бастаған. Сол заманның қазақ даласында жазылмаған заңы болған. Атты адам ауыл сыртынан шауып өтпей, жөн сұрасып, бара жатқан бағытын айтып отырған. Жолаушыдан «Қайда барасың?» дегенге, «Баянды ауылына барамын» деген екен. Сол себептен Баянауыл атауы содан қалыпты деседі. «Баян» деген ұғым баянды деген сөзді білдіреді. Баянауыл елінде Алланың нұры жауып, баянды өмір кешкен. Әрине, оған жоғарыда атаған дана-дарындыларымыз, ғұламаларымыз бен табиғаты дәлел. «Қоңыр әулие» үңгірі жердің, жануар­лар мен құстар әлемін қорғаушысы Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты-мыс, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отырып, ол пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттейді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл Қызыл Тау маңында болған. (Сондай-ақ Әулие тау деп те атайды). Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылады. Су қайта бастап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірге жақындағаннан кейін, ол осы жерде қоныстанады. Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жазу қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен әйелдер қонған және осы армандары шынымен де орындалған. Баянауылдағы үңгірде Қаныш Сәтбаев та болған. «Тарихқа аты мәлім Баян елім» атты өлеңімде осы үңгірдің тарихын өзімше келтіргенім бар еді: Ағайын: Қоңыр, Қыран, Құлан деген, Әдетте жақсылыққа құмар дер ем. «Ауыр боп қырсығымыз тиіп қалар, Мінбейік Нұх Пайғамбар кемесіне» – Депті де екі тақтай құрап алып, Жүріпті су бойымен жылдам ағып. Алла әр пенденің сырын ұққан, Сақтайды жақсы адамды қиындықта. Адал жандар пейілі қабыл болып, Сәлден соң Баянтауға бәрі шыққан. Әулие Қоңыр қазір Жамбақыда, Қыраным Баянтаудың ұшарында. Ал Құлан –Қызылтауды мекен еткен Бойында қайраты мен күш барында. Әулие Қоңыр дана ғой ел білетін, Адамның қабыл еткен шын ниетін. Әулие Қыран болса, жоқты тауып, Өзінің байқатыпты кереметін. Әулие Құлан болса кейде құлан, Ойларсың: «Расында мынау шын аң». «Бұл жұртым аман-есен болса екен» деп, Әрдайым тілек тілеп болған алаң. Таудағы үлкен үңгір бүгіндері, Тартады сырларына дүйім елді. Талайлар осы арадан шыққандардың, Жайнаған, жарқыраған жүзін көрді. Ем алған сырқаттанған мұнда түсіп, Алдынан жадыратқан самал есіп. Бір түрлі әсер алып оралған жұрт, Тас қазан ішіндегі судан ішіп. Көкірек көзі сонда ашылады, Көңілдің шіркін қандай тасығаны. Ел-жұрттың күні бойы шаршағаны, Үңгірден шыққан кезде басылады... Қоңыр Әулиенің белгілі шырақ­шылары: Байбақы Шонтыұлы, зираты Қоңыр Әулиенің етегінде, Сағынбек Сүлейменұлы, Мағзұм Бектілеуұлы. Қоңыр Әулиенің етегінде Алтабай, Әбіш Шонтыұлдарының зираты орын тепкен және Ыбырайдың қорасы бар. Бүгінде қасиетті үңгір қалың жұртқа сая болып, киелі орынға айналып отыр. Үңгірге көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 30 метр. Ләззат Жүнісбекова, журналист Павлодар облысы Баянауыл ауданы

9148 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8259

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6773

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4520

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3903

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3870

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3830

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3559

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3557

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы