• Ақпарат
  • 12 Қыркүйек, 2012

«Дарабоздан» дара шық!

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан дәстүрлі халықаралық «Дарабоз» бәйгесі биыл сегізінші рет өткізілмекші. Сол себепті «ZHERSU» корпорациясы мен Қазақстан жазушылар одағы бірлесіп бәйгенің талаптарын жария етеді. Бәйгеге балабақша тәрбиеле­нушілері мен 1-8 сынып оқушыларына арналған прозалық, поэзиялық және сахналық шығармалар қабылданады. Повестер 20-25 беттен, әңгімелер, ертегілер 10 беттен, топтама өлеңдер, балладалар, ертегі өлеңдер, шағын поэмалар, сахналық қойылымдар 5-10 беттен аспауы шарт. Бәйгеге балабақша бүлдіршіндеріне арналған қысқа әңгімелерден, топтама өлеңдерден басқа тек бір ғана шығарма жіберілуі тиіс. Шығармалар компьютерлік стандартқа сай 14 кегльмен (аралық 1,5) теріліп, үш дана етіп басылып, беттелуі қатаң талап етіледі. Бәйге – жабық бәйге түрінде өтетіндіктен, автордың бүркеншек атының анықтамасы, аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып желімделіп, сыртына тек бүркеншек аты ғана жазылады. Кіші конверт салынған үлкен конвертке үш дана шығарма салып желімдеп, сыртына мекенжайы, бүркеншек аты немесе басқа бір лақап есім жазылуы керек. Байқау шартына сай емес, бұрын жарық көрген, мерзімінен кешігіп келген шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды. Бәйгеге барлық қаламгерлер, жас талапкерлер, шетелдегі қандастар қатысуына болады, тек бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни «кириллицамен» жазылуы міндетті. Бәйгеге түскен шығармалар мына адрес бойынша қабылданады: 050008. Алматы қаласы, «Дарабоз» бәйгесіне. №010057505 куәлік иесіне. Шығармалар 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданып, бәйге қорытындысы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жарияланады. Есенқұл қажы Маманов атындағы бас бәйге – 1 000 000 (бір милллион) теңге Бірінші бәйге (екеу) – 375 мың теңгеден Екінші бәйге (екеу) – 170 мың теңгеден Үшінші бәйге (үшеу) – 110 мың теңгеден Ынталандыру бәйгесі (төртеу) – 77 мың теңгеден. Бәйге әділқазыларының шешімі тексерілуге жатпайды. Байқау қорытындысы бойынша жүлде алған туындылар, арнайы жинаққа топтастырылып, балабақша, мектеп кітапханаларына тегін таратылады. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің ұйымдастыру комиссиясы

2890 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8263

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6775

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4522

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3905

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3872

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3832

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3561

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3559

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы