• Ақпарат
  • 12 Қыркүйек, 2012

«Ежелгі Шығыс мәдениеті»

Тамыры тереңге кететін, зерттеушілері топшылап болжаммен айтатын ежелгі Шығыс мәдениеті жетістіктерінің ауқымы кең, оны зерттеудің өзектілігі анық. Кеңес Одағы кезіндегі оқу жүйесінің батыстық құндылықтарға бет бұрғаны мәлім. Осыдан шығыстық материалдық және рухани ұстанымдарға аса мән берілмей, оны тек санаулы зерттеушілер талдап, діттеді. Бүгінгі қазақ халқының түпкі тегі болатын көшпенділердің ежелгі Шығыспен тығыз байланысы болды. Қазақ оқырмандарының әлемдік өркениеттің бастауында тұрған осы елдер мәдениетімен таныстығы мардымды болған жоқ. Қолымызға кенже түскен ақтаңдақ құпиялар осы уақытқа дейін жасырын болды. Тек ел тәуелсіздігі орныққаннан бері байырғы қараңғылық сейілуде. Мұны «Мәдени мұра» аясында жарық көрген еңбектер көрсетеді.  Философия ғылымдарының докторы, профессор Қалас Жамаловтың «Ежелгі Шығыс мәдениеті» атты оқулығы (Алматы, 2011 ж., 276 б.) осы кемшіліктің орнын толтыруға арналған алғашқы ізденістердің бірі. Оқулықтың ерекшелігі оның құрылымында, мазмұнында, жанрлық стилінде, әдістемелік ерекшелігінде демекпіз. Оқулықта ежелгі Мысыр, Қосөзен, Үн­ді, Қытай, Парсы, Еврей мәде­ниеттері қарастырылған. Автор осы елдердің әрқайсысының тарихында алғаш пайда болған аңыздық, діни және қолданбалы қарапайым ғылыми түсініктердің бірізді өрбуін дәйекті көрсеткен. Тарихтың терең түкпіріне кететін ежелгі Шығыс елдерінің ар­хео­ло­гиялық қазба жұмыстары кезін­де табылған жәдігерлерінің суреттері бе­ріліп, материалдық және рухани мәдениет жетістіктері айғақтала түскен. Ең алғаш мемлекеттік құрылымға, яғни әлеуметтік-саяси орта құрылы­мына жеткен елдердің ішкі заңдары, қолданбалы өнері, әдебиеті жанрларынан аудармалар жасалып, оқыр­мандарға ұсынылады. Байырғы заман мәдениеттері картасына қоса қол жеткізген табыстары, материалдық жә­не рухани мұралары ретімен көрсетіледі. Бұлардың оқырмандар үшін теориялық материалдарды толықтыра түсетін көрнекі құрал болары анық. Ендігі бір ерекшелік мәдениет түрлерінің табиғи өңірге, ауа райы мен жергілікті қоршаған орта жағдайларына бейімделу деңгейіне қатысты тәптіштеп қарастырылуында. Мәдениет түрлері деп отырғанымыз қауымдас топтардың бастапқы өмір сүру амал-тәсілдері, наным – сенім – ырымның көріністері, олардың тұрмыс-салттағы қолданыс айналымы. Мәдениет айналымы – күнкөріс, шаруашылықты жүргізу дәстүріне, еңбекке ептілігіне байланысты екені нақты көрсетіледі. Назар аударатын тағы бір ұстаным – ірі мәдениет орталығы мен ошағында адамдардың бір-бірімен тіл табысу, қауымдасу, топтасу және ортақтасу деңгейлері. Қауымдасып өмір сүру, жеке құдіретке табыну, билік, атақ, батырға бас ию дәстүрлері шығыстық рең мен кейіпті қалыптастырған бастаулар. Шығыс­тық өмір салтына тән бұл ерекшеліктер автордың тұтас ойын білдіреді. Ежелгі Шығыстың қоғамдық өмір салалары, саяси жетістіктері (Хаммурапи және Ману заңдары), тұрмыстық тәжірибелер, мәдени мұралар оқулықта нақты талданған, топтастырылып берілген. Әлемдік мәдениетке қомақты үлес болып қосылған мәдени мұралар, сәулет ескерткіштері – пирамидалар, зиккураттар, ұстындар, іргелі бейнелер, суреттер, таңбалар жүйелі және көрнекі түрде сипатталған. Философия ғылымдарының докторы Қалас Жамаловтың бұл оқулығы оқу-әдістемелі жүйенің жаңа стандарты мен талаптарына сай орындалған. Оның құндылығы ежелгі Шығыс мәдениетін әдістік тұрғыдан ықшамдап берген икемділігінде. Ж.Молдабеков, философия ғылымдарының докторы, профессор

19244 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8200

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6740

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4487

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3869

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3836

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3796

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3526

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3522

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы