• Білім және ғылым
  • 29 Қараша, 2012

Колледждің келешегі жарқын

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі – кәсіби-техникалық білім беруде елімізде үздік оқу орындарының бірінен саналады. Колледжде жоғары деңгейдегі инженер-педагогикалық кадрлар қызмет етеді. Олардың арасында ғылым кандидаттары, магистрлар, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар бар. Арнайы пән оқытушылары – республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. Мәселен, колледж «Энергетика» саласында маман дайындау бойынша республикалық байқауда ІІІ орынды және облыста Бас жүлдені жеңіп алды. 2012 жылы Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі мен ІТ халықаралық университетінің орта арнайы білім орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған Олимпиадасының бас жүлдені иемденді. «Кәсіпкер холдинг» АҚ-ның ұйымдастыруымен Сингапурде 9 оқытушы өз білімдерін жетілдіру үстінде. «Е-learning» электронды оқыту жүйесі орнатылуда. 16 оқытушы осы салада оқу курсына қатысып, сертификат алды. Колледждің материалдық базасы бай. Үш қабатты оқу ғимаратында 60-тан астам кабинеттер мен зертханалар, 35 компьютер класы, 350 орынды акт залы, 80 орынды оқу залы бар кітапхана, әдістемелік кабинет, спорт залы, жабық спорт корты, медпункт, 150 орынды асхана орналасқан. Колледждің стратегиялық бағыты айқын. 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуын жеделдетуге септігін тигізетін отын-энергетикалық, ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника және байланыс салалары бойынша орта буындағы мамандар даярланып келеді. Мамандарды үш тілде дайындайтын әлемдік деңгейдегі колледж құру мақсатында жүзеге асырылған электронды оқыту жүйесі өз жемісін беруде. Зертханалық-өндірістік ғимаратта слесарь-механикалық, электрмонтаждық және электрөлшеуіш шеберханалары жұмыс істейді. Таяуда «Шаңырақ» жастар ғаламтор орталығы құрылды. Онда оқушылардың ғылыми және шығармашылық жұмыс­тар­мен шұғылдануларына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда колледжде 750 компьютер, 360 планшетті компьютер, 8 мультимедиалық-лингофон кабинет, 8 смарт-класс, 24 интерактивті тақта жұмыс істеп тұр. Аталмыш оқу орнының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Психология ғылымы академиясының мүше-корреспонденті Амангелді Сопбековтің басшылығымен колледжде халықаралық үлгіге сай «ИСО 9001-2008» менеджмент сапа жүйесі енгізілді. «Қыран аймақтық тұтынушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз тұтынушылар сараптамасы бойынша «Алтын қыран» халықтық сапа белгісі сертификатымен және «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша «Алтын қыран» дипломымен мараптталған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледждің болашағы жарқын. Айбек ҚОРҚЫТҚАНҰЛЫ

2856 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7931

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6589

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4333

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3718

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3682

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3642

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3374

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3366

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы