• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

«Ақ өлең – аққулы мекен»

Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғалым, ұстаз Ғарифолла Есімнің «Ақ өлең – аққулы мекен» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов, «Атамұра» бас­па корпорациясының президенті, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымғали Құл-Мұхаммед, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, әнші-композитор Шәміл Әбілтаев, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығының бас директоры Жасан Зекейұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректоры Ақтолқын Құлсариевалар кештің құрметті қонағы болды. Тұсаукесер рәсімін Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл ­Мира­зова кіріспе сөз сөйлеп ашты.  Өз кезегінде сөз алған Әділ Ахметов, Жұмабек Кенжалин, Рақымғали ­Құл-Мұхаммед, Жасан Зекейұлы, Аягүл Миразовалар кітап авторының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне, ғылымына сіңірген ерен еңбегін айта келіп, оған шығармашылық табыс тіледі. Белгілі әнші, сазгер Шәміл Әбілтаев сөз алып, Ғарифолла Есімнің «Ақ өлең – аққулы мекен» атты туындысы оған шабыт беріп, бір күнде осы аттас күй шығарғанын айтты. Автор сазды да назды күйді сол жерде орындап берді. Шара барысында аталған мектеп оқушылары ән салып, би билеп, тұсаукесері өтіп жатқан шығарма желісімен сахналық қойылым көрсетті. Белгілі айтыскер ақын, Мәдениет қайраткері Серік Қалиев кеш иесі мен жамағатқа арнап жырдан шашу шашты. Кеште мектеп оқушылары «Ақ өлең – аққулы мекен» атты кітабындағы оқиғаларға байланысты рөлдерді сомдады. Кітап мұқабасы мәні мен мазмұнына сай әсем безендіріліп, 1500 данамен қазақ және орыс тілдерінде «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Ғарифолла Есімнің «Ақ өлең – аққулы мекен» роман-эссесі – қа­зақ жерінің орыс отаршылығы кезіндегі басынан өткен қиын-қыстау тағдырын бейнелейтін туынды. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бері қазақ елі өзінің өткені мен болашағына жаңа көзқараспен қарай бастады. Өткенге үңілсек, орыс отаршылығынан біз не жоғалттық деген сұрақ туындайтыны анық. Тілге тиек етіп отырған шығарма – сол жоғалт­қанымыз жайындағы туынды. Шығарма мазмұнында сөз болатын – Ертіс өзенінің тұсындағы «Қиық» көлі, ондағы аққулардың тағдыры. Орыс мұ­жықтары «Қиықтың» бойына жап­пай көшіп келіп, қазақтарды қырға қуып, суы бал, ауасы ем қасиетті Ертістің бойына жатжұрттықтардың шошқа өсіріп, оны ластап, аққуларын атып, қуырдақ қылып жеген жантүршігерлік оқиғалары шынайы суреттеледі. Бір қарағанда роман-эссенің тақырыбы аққулар жайында болғанымен, негізгі ой халықтың киесі мен қасиетіне қол салу, оны үркітіп, одан айырған сұрқия заман жайлы. Аққу – киелі құс. Қазақ оны ерте замандардан бері сұлулықтың, әсемдіктің символы ретінде қараған. Аққудың қамқасынан тонды хандар ғана киетін болған. Ғарифолла Есім өз шығармасында аққу құстардың туған көлінен қалай безуін суреттегенде тарихи шындықпен болған оқиғаларды негіз етіп алған. Ондағы кейіпкерлер де ойдан шығарылмаған, тарихта өмір сүрген адамдар. Шығарма соңында заман түзеліп, туған жерге, қасиетті айдынына аққулардың қайтып келіп жатқан тұсы баяндалып, тәуелсіздік арқылы қазақ жерінің өз иесін тауып, киесіне қол жеткізуі ерекше метафоралық тәсілде жеткізіледі. Нұрлан ҚҰМАР

4029 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7849

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6545

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4291

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3675

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3637

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3599

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3332

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3323

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы