• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

«Әнжұмбақта» – Исраил Сапарбай әндері

«Қазақстан» ұлттық арнасында «Әнжұмбақ» бағдарламасының жаңа маусымы көрермендерге тосын сыймен жол тартты. Жаңа маусымның жаңалығы – бел­гілі композиторлар Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, Н.Тілендиев, С.Бәйтереков, ақындар М.Мақатаев, Б.Тәжібаев сынды қазақ өнерінде ерекше қолтаңбалары бар адамдардың әндеріне арналған бағдарламалар көрсетіледі. Сонымен қатар ана, туған жер, табиғат, халық әндері, кинофильмдер де бағдарламаның бас­ты тақырыптары болмақ. Жұбаныш Жексенұлының ән сынағынан өтуге радиожүр­гі­зушілер де өз ұсыныстарын біл­діруде. Думанды доданы алғашқы болып Нұржан Еркінұлы бастап келсе, қарсы топта Рүстем Жүніс өз отбасымен келуді жөн көріпті. Нұржанның тобында тележүргізушілер Асхат ­Садырбай мен Нұрмахан Мұқанұлы келіп, өз әріптесіне қолдау көрсетті. Жігіт­тер ақын Исраил Сапарбайдың әндерінен емтихан тапсырды. Алғашқы айналымда көрермен­дер жасырған әндер Рүстемнің тобын алға шығарды. Ал вокалды-аспапты «Достар» тобының жасырған әндері Нұржанның тобының қоржынына жоғары ұпай алып келді. Төртінші айналымда әнші Таңат Мамырханның жасырған әнін біліп, Исраил ағамыздың «Қазақ қызы», «Өзің ғана», «Жұлдызым», «Махаббат мәңгі ертегі», «Сағындым сені», «Бір тамшы көздің жасындай» сияқты әсем әндерін тыңдағыларыңыз келсе, Ұлттық арнада бүгін сағат 15.20-да болатын «Әнжұмбақ» бағдарламасын тамашалаңыздар. Б.Мұратқызы

5975 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7730

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6472

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3601

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3562

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3527

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3257

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3248

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы