• Тарих
  • 29 Қараша, 2012

Туған елдей ел қайда...

Алматыдағы «Қазжол» қонақүйінің Алтын адам залында «Жас-Ай» медицина орталығының жанынан құрылған «Ел-Шуақ» қоғамдық қоры мен «Қазақ радиосында» «Бауырластар» бағдарламасының ашылуына байланыс­ты тұсаукесер рәсімі өтті.  Шараның ашылу салтана­тын­да «Жас-Ай» медицина ор­та­лы­ғының бас директоры, медицина ғылымдары­ның докторы, профессор, академик, халықаралық ­«Сократ» атындағы орденнің иегері Жасан Зекейұлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда жаңадан ашылған қоғамдық қор мен бағдарламаға байланысты құттықтау сөзін жеткізді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан жаңадан құрылған қор мен бағдарламаға жүрекжарды лебізін білдірді. Одан кейін ақын Алмас Ахметбек қордың жұмысына қатысты өз пікірін айтты. «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редактор­лар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин жаңадан құрылған қоғам­дық қордың жұмысына сәттілік тілеп, ақиық ақын М.Мақатаевтың кітабын сыйға тартты. «Қазақ радиосының» басшысы Махат Садық «Бауырластар» бағдарламасының ашылуының түпкі негізін түсіндірді. Сонымен қатар ол алдағы уақытта қандас­тары­мыз­ға арналған телесериалды түсіру жоспарда бар екенді­гінен көпшілікті хабардар етті. Шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей, Алматы қаласы сауда-өнеркә­сіп палатасының төрағасы Мұхтархан Бияров, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Жәркен Бөдеш және тағы басқалар қоғамдық қор­дың болашағының жарқын болуына өз тілектерін білдірді. Ал «Қа­зақтану» қоғамдық қорының пре­зиденті Баян Ахметқызы «оралман» деген сөзді алдағы уақытта «бауырлас­тар» деп атау туралы ұсыныс білдірді. Сонымен қатар ол өз зейнетақысына «Дүние-толқын» газетін айы­на 1 рет шыға­рып отырғандығын, басылым жалпы оралмандарға арналғандығын айтты. Кештің соңында елімізге белгілі күй­ші, сазгер Шәміл Әбілтаев өзі шығарған ән мен күйін нақышына келтіріп орындады. «Ел-Шуақ» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – еліміздің эко­номикалық, әлеу­мет­тік және саяси дамуына белсене үлес қо­су, өнер және мәдениет өкілдеріне қолдау кө­р­се­ту, түрлі мәдени шараларға атсалысу, же­тім­дер үйін, мүгедектерді, ардагерлерді қам­қорлыққа алу. Ал «Бауырластар» атты бағ­дарлама үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап тыңдармандарға ұсынып келеді.

Нұрлан ҚҰМАР

2888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8254

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6771

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4518

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3901

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3868

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3828

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3557

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3555

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы