• Тарих
  • 29 Қараша, 2012

Батыс Қазақстан облысы

Орал – облыс орталығы. Орал тауы мен Орал өзенінің атымен қойылған. Орал тауы – Европа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы 2000 км-ге жуық биіктік. Орал топонимінің пайда болу тарихы үнемі көптеген зерттеушілердің назарын аударып жүр. Бұл топоним жөнінде П.Паллас, И.Лепехин, П.П.Семенов-Тань-Шаньскийлердің де жазғандары бар. ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Географиялық-стилистикалық сөздікте» Камень немесе Поясовый камень деген атау сөз берілген. Бұл еңбекте сонымен қатар Орал сөзінің шығу төркіні туралы айтылған ерте кездегі жазушылардың пікірлері де бар. Мысалы, еңбекте келтірілген бір пікір бойынша, Орал атауын остяк халқының угор тіліндегі «Уррь» – таулар тізбегі» деген сөзінен шыққан дейді. Орал тауының этимологиясы туралы Ғ.Қ.Қоңқашбаевтың «По поводу наз­вания Урал» деген мақаласында толық қамтылған. В.Н.Татищев, П.И.Рычков өз зерттеулерінде «сол өңірлердегі тау жүйесін бір-ақ сөзбен айту үшін солай қабылдаған» дейді. Оралтау сөзіндегі тау сыңарын түсіне алмай, бұл топонимді «үлкен сызбада» Аралтовы горы түрінде таңбалаған да, гора сөзін қосқан сияқты. А.Ф.Гумбольдт сияқты Х­ІІІ-ХІХ ғасырларда пікір айтқан ғалымдар Урал атын түркіше «уралмак-белдік» етістігімен байланыстырса, Д.Г.Киікбаев угор, түркі тілдерінде ур+ала, ор+ал формаларынан қалыптасқанға балайды. А.К.Матвеев пен В.А.Никонов Орал тауының бастапқы түрі қазақша Арал болған да, кейінірек башқұрттар өздеріне бейімдеп, Орал аталған деп түсіндіреді. Сондай-ақ бұл ғалымдар Орал түркі тілдеріндегі етістіктердің етіс тұлғасы оралу сөзінен жасалуы да мүмкін деген жорамал айтады. Бұл пікірдің шындыққа келетінін қазақ лингвистері де қуаттайды. Өйткені түркі тілдеріндегі топонимдердің құрамында етістік сөздерден жасалған топонимдер көп кездеседі. Мысалы, Еділ топонимінің көне формасы – Атыл, Ақсу топонимі ақ (түс) мағынасында емес, бұйрық рай мағынасын беріп тұр. Ғ.Қоңқашбаев Арал сөзі Орал (Урал) топонимінің мағынасымен ешқандай қиыспайтындығын ескерте отырып, төмен­дегідей тұжырым жасайды: «С точки зрения слово Урал – орал является формой повелительного наклонения единственного числа от тюркского глагола уралмак, уралу, (оралма, оралу) который в свою очередь представляет собой форму возвратного или страдательного залога основного глагола уралмак или орау. Слово уралмак-орау имеет различные значения, в том числе «опоясывать, окружать, охватывать». Слово Урал в составе топонима Уралтау воспринимается как причастие, являющееся определением существительного тау (гора), т.е. Уралтау – «опоясывающая гора». Ә.Әбдірахманов Орал тауының және Орал өзенінің атауының етістіктен жасалған түбірлес түркі сөзі екендігін айта келіп, оны сол маңда өмір сүрген башқұрттар мен татарлар қойған болу керек деп топшылайды. Ал атаудың құрамындағы –л тұлғасын етістің жұрнағы емес, зат есім тудыратын жұрнақ ретінде алады. Ғалым өз пікірінің дұрыстығын Ойыл, Қиыл, Қамал, Құрал атау­ларымен салыстыра отырып дәлелдейді. Сондай-ақ Орал сөзінің мағынасын Ғ.Қоңқашбаев айтқандай, «опоясывающий» емес, «огибающий, изгибающий», яғни «огиби, изгибы» деген ұғымнан қалыптасқан деп санайды. Мұның өзі таудың оралып жатқан көрінісін дәл береді. Орал тауынан бастауын алатын Жайық өзенінің сол таудағы орала ағып жатқан бір жері ХІХ ғасырда огиби деп аталыпты. Бұл атау туралы 1870 жылы халық аузынан былай деп жазылып алынған: «Огиби – от того, что крутые берега полукругом огибают Урал». Сөйтіп, түркі сөзі – орал, орыс сөзі – огиби оралып жатқан тау мен өзеннің көрінісін дәл бергендіктен осылай аталған. Сасай – Ақжайық ауданындағы қырат. Е.Қойшыбаев «сас» сөзі көне түркі тілінің «тас» мағынасын беретін позициялық варианттардың бірі, ол көнедегі чаш вариантына жақын деп есептейді. Яғни бұл топоним Тастысай деген атаудан шыққан дейді. Ғалымның бұл жорамалын шындыққа жақын келеді деуге болмайды. Батыс Қазақстанды мекендейтін халықтың ру-тайпалық шежіресіне сүйенсек, Сасай генетопонимге жатады. Сасай – Кіші жүздегі үлкен рулардың бірі, Байбақты руының бір тайпасы. Демек, бұл тұрғыдан, Сасай сөзі этнотопоним болып келеді. «Ақ жайық» өңірінің топонимиясы» кітабы бойынша дайындаған Ұлдай ЕРЖАНОВА

4107 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7916

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6581

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4325

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3710

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3673

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3634

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3366

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3358

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы