• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

«Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы»

Кеше Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ономастика саласына қатысты мәселелерді жетілдіру мақсатында «Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің 100 жылдығына орайластырылған конференцияға ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдармен қатар облыстық тілдерді дамыту басқармаларының бастықтары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты. «Адамзат ақыл ойының озық үлгілерін ортақ пайдалануға бүгінгі жаһандық үдерістерден шет қалмай, солардың бел ортасында болуы бұл орайда тіл мен жазу мәселесі аса маңызды орынды иеленді. Сондықтан қазақ тілінің өзіндік болмысын сақтай отырып, халықаралық кеңістікте қамтамасыз етуге икемді қазақ графикасын дайындап,оны бүкіл қоғам талқысына сала отырып бекіту – еліміз үшін маңызды мәселе» дейді Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы. Бұл орайда қазақ графикасын түркі халықтары арасында қолданылатын ортақ әліпбимен қазақ графикасының сабақтасты­ғы, сәйкестігі де ескерілуге тиіс. Іс-шарада ҚР Үкіметінің жанындағы Мемле­кеттік ономастика комиссиясы мүшелерінің, ономастика саласы ғалымдарының, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы өкілдерінің аталған тақырыпқа байланыс­ты өзекті баяндамалары тыңдалып, ономастика, қазақ графикасы саласындағы мамандардың пікірлері мен ұсыныстары назарға алынды. Конференция қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылмақшы. *** Тіл комитетінің ұйымдасты­руымен Астанадағы «Ұлттық тес­тілеу орталығында» қазақ тілі оқы­тушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтті. Біліктілікті арттырудың семинары барысында әдістеме бойын­ша шеберлік сабақтары өткізіліп, әдістеме негізінде әзір­ленген оқулықтар, әдістемелік құралдардың құрылымы мен мазмұны таныстырылды және оларды қазақ тілін оқытуда пайдаланудың ерекшеліктері түсіндірілді. Айта кетейік, дәл осындай семинарлар бұған дейін еліміздің төрт өңірінде ұйымдастырылды. Жалпы семинарларға республика бойынша 200-ден аса мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының сарапшылары қатысты. Семинарлар нәтижесінде біліктілікті арттырудың сертификаттары табысталды. Б.Исаева

3178 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7839

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6538

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4284

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3668

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3630

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3593

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3325

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3316

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы