• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Сөз бен істің бірлігі

Елімізде елеулі оқиға ол – халықтың қалауымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні болып белгіленуі. Енді бұл күн күнтізбеден берік орын алып, жыл сайын мерекеленіп өтетін болады. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген қағида қашан да ақиқаттың өлшемі болып келеді. Бұл мерекенің халық үшін орны бөлек. Елбасының салиқалы саясаты халықтың қамы үшін жұмсалып жатқаны екінің біріне аян. Менің де Елбасыға деген ықыласым ерекше. Мен Қазақ ұлттық аграрлық универ­си­тетінде маман-кадрларды даярлаумен айналысамын. «Орман, жер және су ресурс­тары» факультетін басқарамын. Елбасымыз аграрлық салаға айырықша көңіл бөліп отыр. Елбасы 2010 жылы уни­верси­тетіміздің 80 жылдық мерейтойына кел­ген арнайы сапарында да мәні мен маңы­зы зор жайларды тереңінен толғап кетті. Қазір сол айтқандарының бәрі шетінен ретке келіп жатыр. Сөз бен істің бірлігі сақталуда. Президентіміздің орман, жер және судың талап тұрғысынан болу керектігі жөніндегі әңгімесі әлі күнге дейін менің ғана емес, мен басқарып отырған ұжым мен студенттердің көкейлерінен кетпейді. Президент ертеңгі күнге деген біздің үмітімізді одан әрі жандыра түсті. Біз соны айдай анық бағыт-бағдарымыз деген ұстанымда келеміз. Құрмангүл Абаева, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер және су ресурстары» факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор

«Жасай бер, жаса Қазақстаным!»

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет тойламақпыз. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болғанымен, АҚШ, Нидерланд сияқты елдерде бұрыннан бері тойланып келеді. Айта кетсек, жыл сайын Америка елі Президент күнін ақпан айында тойлайды, Нидерланд елі мамыр айында атап өтеді екен. Мереке күні желтоқсан айының бірі болуы тектен-тек емес, сонау 1991 жылы бірінші желтоқсан күні елімізде жалпы­халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақ­станның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Дауыс берушілердің 98,78 пайызы Елбасына да­уыс берді. Былтыр Парламент отырысында Тұңғыш Президент күні бірінші желтоқсан болады деп шешім қабыл­данған болатын. Тәуелсіз мемлекеттің іргета­сын қалап, шекарасын шегелеп, келешекке бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президент­тің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Тұңғыш Президент күніне орай білім ошағымыз – Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шаралар өткізілді. Тұңғыш Президент күні «Жасай бер, жаса Қазақстаным!» атты ауқымды іс-шарамен жалғасын таппақ. Анар Қуанғалиева Семей

6814 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7923

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6585

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4329

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3714

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3677

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3638

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3370

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3362

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы