• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

«Елбасы – Мақтанышым, Бәйтерегім»

Кеше Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Болашақ кілті – білімде» атты салтанатты шара болып өтті. «Елбасы – Мақтанышым, Бәйтерегім» атты девизімен өткен жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, өнер жұлдыздары қатысты.

Сахна төріне еліміздің Туы салтанатты түрде шығарылып, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Мерекелік концерт Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, Елбасына арналған әуезді әндермен жалғасты. Қонақтардың назарына Президентіміздің өмірбаяны негізінде түсірілген көркемсуретті және деректі фильм көрсетіліп, оның сүйікті әндері шырқалды. Университет ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Есполов құттықтау сөзінде: – Бүгінгі салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналып отыр. Еліміз Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Елбасының ауқымды экономикалық, саяси-әлеуметтік реформаларының арқасын­да барша әлемге таныла білді. Халқы­мыз бұл мерекені үлкен қуанышпен қарсы алып отыр. Біз Президентімізбен мақтанамыз! – деді. Осылайша Елі сүйген, Елін сүйген Елбасының мерекесін тойлау жоғары деңгейде өткізілді.

Дәуіржан Төлебаев

4753 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7709

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6460

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4206

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3589

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3550

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3515

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3245

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3236

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы