• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Әкімдерге міндеттер жүктеді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өңірлерді дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңеске барлық деңгейдегі әкімдер, Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сіздер әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Бұл – дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі шыға қоймаған 2007-2008 жылдардағы дағдарыстың жалғасы. Біз барлық қиыншылыққа қарамастан, өмір сүру деңгейін үнемі көтеріп келеміз» деді. Осы орайда бүкіл әлемді елеңдеткен дағдарыстың салдары әлеуетті мемлекеттерге де қиын тиіп отырғанын айтты. Ал біздің еліміз мұндай қиындықтарға қарамастан, халықтың тұрмысы көтеріліп келе жатқандығына тоқталды. Елімізде 550-ден астам индустриялық нысан іске қосылып, 100 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылған. Халықтың жан басына шаққанда нақты орташа кірісі артты. «Мұндай табысқа қол жеткізген елдер қазір әлемде көп емес. Осының барлығы мемлекеттің дұрыс саясаты, халқымыздың еңбекқорлығы, бекем бірлігінің, мемлекеттік қызметкерлердің жүйелі жұмысының нәтижесі деп білемін» деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Елбасы жиынға қатысқан әкімдерге өңірлердегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аудару керектігін тапсырды. Егер елімізге келетін импорт көлемі арта беретін болса, облыстардағы индустрияландыру дамы­май­тындығын ескерте келе, осы мәселе қатаң бақылауда болуы керектігіне мән берді. Қазіргі шақта еліміз білек түріп бар әлеммен бәсекеге түскелі тұр. Сондықтан отандық өнімді қатаң бақылауда ұстау қажет. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, тиісті деңгейде атқару қажеттігін қадап айтты. «Біздің мойнымызға еліміздің тағдыры мен оның болашағы үшін тарихи жауапкершілік жүктелген. Біз қарапайым азаматтардың игілігі үшін мемлекеттік аппарат пен «Нұр Отан» басқарушы партиясының барлық ресурсын жұмылдыруымыз қажет. Сондықтан да мен биылғы жылдың басындағы өз Жолдауымда айтқанымдай, реформаның жаңа кезеңіне кірістік» деп атап өтті Елбасы. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ

2198 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7734

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6475

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4221

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3530

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3260

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3251

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы