• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Бұл күннің маңызы зор

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Қазақ­станның Тұңғыш Президенті күніне орай «Еңбегім – елім үшін» атты іс-шара болып өтті. Жиналғандарды аталмыш мерекемен құттықтап сөз сөйлеген ректор, академик Жексенбек Әділов: «Біздің мемлекетімізде 1 желтоқсан мереке күні деп аталып отырған себебі – 1991 жылы осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, Н.Ә.Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасымыз осы 21 жылдың ішінде шынайы мемлекетшіл екенін, халық мүддесін ойлайтындығын еңбегімен дәлелдеп, бола­шаққа ұмтылған Қазақстан атты елдің ұлы көшін бір белестен бір белеске асырумен келеді» деді өз баяндамасында. Биылғы жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы алғаш рет «Тұңғыш Президент күнін» атап өткелі отыр. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналғанымен, әлемдік қауымдастық арасында бұрыннан бар. Шарада ҚазҰТУ-дың студенттері Президентіміздің саясаты мен жастарға деген қамқорлығын атап өтті. Жұлдыз Сабыржанқызы

2903 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7838

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6537

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4283

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3667

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3629

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3592

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3324

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3315

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы