• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Кәсіби Парламентті қалыптастырушы

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісі Тұң­ғыш Президент күніне орай «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанда пар­ламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өткізді. Алқалы жиынға белгілі саясаткерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияда Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі халқымыздың бірлігі мен мемлекеттің тұтастығын бекемдеуде маңызы зор болатыны жөнінде кеңінен әңгіме қозғады. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өз сөзінде бұл ме­рекенің елім, жерім дейтін әрбір азамат үшін мән-мағынасы терең екенін, Мемлекет басшысы жасаған саяси оқиғаның бірі – Қазақстанда парламентаризм инс­титутын қалыптастыру болғанын ерекше атап көрсетті. «Баршаға белгілі біздің кәсіби Парламенттің тарихы басталған сонау 90-шы жылдары еліміз үшін ең ауыр, ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігін алып, одан әрі дербес мемлекет ретінде даму­дың қиын белестерінен өтті. Тек Тұңғыш Президенттің батыл қадамдарының ар­қасында ғана әлеуметтік-экономикалық саяси бастамаларды заңмен бекітетін Парламент өз жұмысын бастады» деді Н.Нығматулин. Тікелей Елбасының басшылығымен әзірленген Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент ашық пікірлер мен жария саясаттың биік мінбері ғана емес, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Қазақстандағы кәсіби парламен­таризмнің қалыптасуы және оның даму барысы Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылықтың нәтижесі екенін ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов баян етті. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2710 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7849

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6545

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4291

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3675

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3637

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3599

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3332

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3323

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы