• Ақпарат
  • 29 Қараша, 2012

Елбасы және ел мұраты

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, мемлекеттік мереке. 1991 жылы дәл осы күні Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Президент болу мансап та, атақ та емес. Бұл дегеніңіз халық сенімін арқалау, елге, халыққа адал қызмет ету. Ел тағдырына жауап беру. Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алғаннан бері халық сенімінен шыға білді. Қазір Қазақстан төрткүл әлемге танымал. Еліміз жыл сайын биік асуларды бағындырып келеді. Бәріне тоқталмай-ақ қоялық, таяудағы үлкен жаңалық – Астананың ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу бақытына ие болғанның өзі не тұрады. Бұл да Елбасының кезекті ерен жеңісі. Қазақстанның қол жеткізген биік белесі. ЕХРО – бүкіләлемдік көрме. Оны өткізу мүмкіндігі оп-оңай берілмейді. Кей елдер мұндай мүмкіндікке өмір бойы ие бола алмайды. Мемлекеттігі мықты, еңселі елдер ғана осы көрмені өткізе алады. Сөз жоқ, бұл көрме Қазақстанды тағы да күллі әлемге паш етеді. Ел қуаныштарында, ел жетістіктерінде Елбасының үлесі ерекше. Олай болса, Тұңғыш Президентімізді ардақтау, мақтаныш ету – халықтық, елдік құрмет.

2597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7944

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6597

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4341

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3725

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3690

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3650

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3381

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3374

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы