• Мәдениет
  • 07 Желтоқсан, 2012

Көңіл күймен асқақтап...

Алматыда Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған мерекелік концерт болып өтті. «Құрманғазы атындағы оркестр нағыз халық оркестрі атанып кеткен. Ахмет Жұбанов негізін қалаған оркестр бүгінгі күні әлемге әйгілі. Жастардың өнерін шыңдау, кәсіби шеберлігін дамыту біздің басты мақсатымыз» дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрін 20 жыл бойы басқарып келе жатқан Еркебұлан Мүсіреп. Концерттік бағдарламаны Ахмет Жұбановтың «Қазақ маршымен» ашқан оркестр бірден тыңдармандарын баурап алды. Кеш барысында Тәттімбеттің «Көкейтесті», «Қос басар», Н.Тілендиевтің «Атадан мұра», Құрманғазының «Байжұма», «Серпер», «Терісқақпай», «Сарыарқа», Түркештің «Көңіл ашар», Ықыластың «Айрауықтың ащы күйі», Қ.Ахмедияровтың «Күй ұраны», халық күйі «Ақсақ құлан» және тағы басқа шығармалар асқан шеберлікпен орындалды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Әбіловтің орындауындағы әндер де көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар шеберлік сабақтарын өткізуге келген мәскеулік өнер иесі А.Цыганков та шәкірттерінің концертіне қонақ болып қатысты. Ақын Марфуға Айтқожина өлеңдерін оқып, оркестрге өзінің ризашылығын білдірді. Кеш соңы Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен аяқталып, өнердегі талантты жастарымыз Алғыс хатпен марапатталды. Б.Мұратқызы

2929 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8110

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6690

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4435

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3820

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3786

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3747

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3476

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3470

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы