• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

Сегіз қырлы, бір сырлы бойжеткендер мен бозбалалар сайысы тартымды өтті

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына жастар лек-легімен ағылды. «Ана тілі» аруы» мен «Жігіт сұлтаны» – 2012» байқауының ақтық сайысына жиналған көрермендер көп-ақ. Залда ине шаншар орын болмады. Үміткерлерді қолдауға келгендер де белсенді. Әр факультет үкілеп қосып отырған әріптесін жеңіс тұғырынан көргісі келетіні анық. «Ана тілі» аруы» мен «Жігіт сұлтаны» байқауы бір­неше кезеңнен тұрады. Байқаудың негізгі мақсаты – қазіргі жас­тардың бойында өз ұлтына, өз Отанына деген сүйіспеншілік қасиеттерді дарытып, қазақы салт-дәстүрімізді кеңірек насихаттау. Жастардың көңілінен шығып, көрермен көзайымы болып келе жатқан бұл жолғы байқауға да әр факультеттен шешендік өнерді меңгерген, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бойына сіңіріп өскен талантты студенттер қатысты. Ал­ғашқы іріктеу сайысында 700-дей қыз-жігіттер бақ сынасып, екінші кезеңге олардың 90-ы ғана өткен болатын. Екінші кезеңде олар «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасына қатысты. Елге танымал ақын-жазушылардың шы­ғармаларынан үзінділер оқып, салт-дәс­түрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп әрі өз өнерлерін көрсетті. Қыздар ұлттық тағамдар жәрмеңкесінде бақ сынады, одан түскен қаржыға қайырым­ды­лық шаралар ұйымдастырылды. Ал жігіт­тер ипподромға барып ат әбзелде­ріне, ат күтіміне байланысты сынақтан өтті. Сондай-ақ қол күресі, аударыспақ, т.б. ұлттық ойын түрлерінен күш-қабілеттерін байқатты. Ал ақтық сайысқа «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болғандар» ғана, яғни 13 факультеттен 15 бойжеткен мен 15 бозбала жетті. Бұлардың барлығы алдындағы екі кезеңнен сүрінбей өтіп, ақтық сайысқа жолдама алған қыз-жігіттер. Олар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Өнер сайысы», «Сән үлгілерін көрсету» бойынша өзара сынға түсті. Байқауға қатысқан қыздар сүйкімді қылықтарымен, биязылықтарымен көзге түсіп, әдеміліктің, әдептіліктің жаршысы екендіктерін дәлелдеді. Қазақтың ұлттық киімімен сахнаға шыққан қыздар мен жігіттер нағыз қазақи болмыстарын паш етті. Өздерінің көрікті ғана емес, білімнен де қара жаяу емес екендіктерін дәлелдей білді. Байқауға қатысушылар «Өнер сайысында» шеберліктерімен көрерменде­рін тәнті етті. Үміткерлердің қай-қайсы­сы болмасын бұл сайысқа жоғары дайындықпен келгендерін аңғартты. Әннен шашу шашылып, мың бұрала билеп, халқымыздың салт-дәстүрінен шағын театрландырылған көрініс те көрсетілді. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенті Әсімхан Бекжанның орындауындағы сатирик Алпысбай Боранбаевтың «2030 жыл екен...» деген шығармасы өте сәтті шықты. Фариза Оңғарсынованың адамдық пен адалдықты жыр еткен өлеңіне қатысты монологты орындаған Әйгерім Бекмұхаметова кәсіби актерге тән шеберлік танытты. Талғат Айбосынов болса Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін нақышына келтіре шырқады. Айта кетуіміз керек, байқауға қа­ты­сушылар жақсы дайындықпен келген. Сол себепті де қазылар алқасына жүлдегерді анықтау оңай тимеді. «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай бастаған әділ қазылар шешімімен бас жүлдені филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенті Әйгерім Бекмұхаметова иеленіп, «Ана тілі» аруы» атанды. Әйгерімге «Ана тілі» аруы» бай­қауының 2011 жылғы жеңімпазы Салтанат Мәлік ару тәжін кигізді. Ал жігіттердің ара­сынан бас жүлдені экономика және бизнес жоғары мектебінің суденті Талғат Айбосынов еншілеп, «Жігіт сұлтаны» атанды. Мұндай шаралардың тәрбиелік, тағылымдық мәні зор. Ұлттық салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, зеректік пен шешендіктің, өнер мен өренің өлшемі болып табылатын мұндай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрса құба-құп. Бағдагүл Балаубаева

4032 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8139

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6708

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4455

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3838

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3805

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3765

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3494

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3488

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы