• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

Мәдени көш Ескі шаһарға жол тартты

Биыл «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» деп белгіленіп, түрлі мәдени іс-шаралардың куәсі болғанымыз белгілі. Игі бастама арқасында бірқатар мемлекеттер достық қатынасын нығайтты, өзара ықпалдастығын арттырды. Түбі бір түркі халқы үшін мәні мен маңызы зор жобаны одан әрі жалғастыру келесі жылы Түркияның еншісіне тиіп отыр. Осы ретте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мен Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркияның Ескі шаһар қаласының губернаторы Қадыр Кочдемир бастаған Түркия Республикасының делегациясымен кездесті. Биыл Елордамыз түркілік рухты ұрпақтың рухани орталығына айналып, түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты өркендету, ортақ мәдениет пен тілді, тарих пен өнерді, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты сабақтастыра зерттеу, рухани игіліктерді келешек ұрпаққа жеткізу бағытында көптеген маңызды іс-шаралар атқарылды. Енді осындай мәдени шаралар Түркияның Ескі шаһар қаласында жалғасатын болады. Түркі әлемінің 2013 жылғы мәдени астанасы осы қала болып белгіленіп, түбі бір түркі жұртының ой-арманын ұштастырар айдынға айналғалы отыр. «Біз Астана – түркі дүниесінің бас қаласы» деген идеямен өткізілген жобаны Елбасының тікелей қолдауымен және тапсырмасымен толықтай жүзеге асырдық» деді Д.Мыңбай. Жоба аясында іске асырылған барлық жұмыстарды баяндап берді, ғылыми-зерттеулермен ғана шектелмей, түркі дүниесінің біртұтастығына, бірлесуге, ынтымақтасуға, жақындастыруға жасалған алғашқы қадамдар жайында сөйледі. Содан соң министр елдің абыройын асқақтатуға үлес қосатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жөнінде және оның маңыздылығын айтты. ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ұйымның биылғы атқарған іс-шаралары және оған қатысқандардың көпшілігі Түркиядан келген бауырлар екенін тілге тиек етіп, «Енді, міне, Ескі шаһар қаласы да біздің Астанамен бауырлас қалаға айналды. Сіздер Астанаға жиі келетін боласыздар. Сондықтан сіздермен әлі де талай кездесетін боламыз деп ойлаймын» деді. Ескі шаһар қаласының губернаторы Қадыр Кочдемир Қазақстан тарапынан көрсетілген қонақжайлылыққа ерекше ризашылық білдіріп, алғыс айтты. Исатай Қырғызбайұлы

2719 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7806

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6516

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4263

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3646

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3608

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3571

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3302

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3294

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы