• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

Ұлттық мақтаныш күні

Елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің Қазақстаным» атты V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы өтті. Өздерінің білімдерімен, еңбектерімен қазақстандық патриотизмді қалыптастырып жүрген отандастарымыздың басын қосқан форумда еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай сөз сөйледі. Министр алғаш рет мемлекеттік мәртебеге ие болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап отырғанымызды айта келіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы кездеріндегі қиын­дық­тарына дұрыс баға беру патриоттық тәрбиемізге де үлес қосатынын айтты. Тұңғыш Президент күнін тойлау болашақ ұрпақты жеңіс пен жасампаздық рухында тәрбиелеу, Қазақстанның әрбір азаматының жүрегіне ертеңгі күнге деген сенім отын ұялату үшін қажет екенін де жастардың қаперіне салды. Елбасының ерен еңбегі мен көреген көшбасшылығының арқасында еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті. «Бүгін – ұлттық мақтаныш күні, – деп сабақтады сөзін министр – Біз өз елімізбен мақтанамыз! Біз Тұңғыш Президентімізбен, Елбасымызбен мақтанамыз! Біз өзіміздің орасан жеңістерімізбен мақтанамыз! Біз батырларымызбен мақтанамыз! Біз алдымызға жаңа биіктерді белгілейміз және бұл биіктерді бағындыра алатынымызды да білеміз. Өйткені біз Елбасымызға, қазақстандықтарға, Қазақстанға сенеміз. Өйткені Қазақстан дегеніміз еліміздің патриоттары – сіздерсіздер. Қазақстан елімізді биік мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылулары арқылы өзінің білім-білігімен, күнделікті еңбегімен және шығармашылығымен, асқақ арманымен және күш-қуатымен ерекше көрінетін азаматтардан құралады». Д.Мыңбай сондай-ақ елімізде ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетінін мақтанышпен жеткізді. Форумның келесі бөлігі үздік спортшылар, еңбек сіңірген артистер, танымал ғалымдар, жоғары кәсіби мамандарды марапаттау рәсіміне ұласты. Биыл «Қазақстан Патриоты» деген белгі «Жан жүрегім, Қазақстан!», «Асқақ азаматтық!» «Әлем таныған Қазақстан!» «Биікке самғаған Қазақстан!» атты 4 аталым бойынша берілді. «Жан жүрегім Қазақстан» номинациясы бойынша медицина ғылымдарының докторы, «Республикалық нейрохирургиялық орталығы» АҚ Ұлттық медициналық холдингтің басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, отандық кино саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев, Қазақстан интернет ассоциациясының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов марапатталды. «Асқақ аза­маттық» номинациясы бойынша Тараз қаласындағы «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, әлеуметтік-мәдени ордалар мен қоғамдық ғимараттарды қалпына келтірудегі белсенділігі үшін Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы кәсіпкер Абзал Ерәлиев, өзінің 40 жылға созылған донорлық кезеңінде 500 литр қан тапсырған Александр Скаковский, қарулы қылмыскерлерді тұтқындау операциясы кезінде көрсеткен батылдығы үшін Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнаулы жасағының мүшесі, полиция капитаны Бағдат Дүйсенов марапатталды. «Әлем таныған Қазақстан» аталымы Серік Сәпиевке, шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлікке, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, көптеген халықаралық конкурстардың бас жүлдесінің иегері Медет Шотабаевқа бұйырды. «Биікке самғаған Қазақстан» номинациясы бойын­ша марапатталғандар жасанды жүрек орнату отасын жасаған «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Юрий Пя, әлемдегі барлық 14 «сегіз мыңдықтарды» бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев, Назарбаев университеті студенттер үкіметінің вице-президенті Дина Асқаровалар болды. Форум эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Айша, Алтынай Жорабаева және Дервиши тобының концерттік бағдарламасына ұласты. Бейбітгүл Исаева

3593 рет

көрсетілді

39

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8377

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6839

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4588

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3969

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3936

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3895

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3625

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3623

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы