• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

Ел мерейі

Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы!» деп аталатын мерекелік шара өтті.  Бұл шараға екі мыңға жуық адам қатысты. Белгілі спортшы Серік Сәпиев, әнші Мәдина Сәдуақасова және актер Азамат Сатыбалды бағдарлама тізгінін ұстады. Мерекелік бағдарламада Қазақстанның 21 жыл ішінде жеткен жетістіктерін көрсететін қойылымдар ұсынылды. Залда түрлі-түсті жалаушалармен отырған жастар «Елбасы», «Астана», «Нұрсұлтан», «Президент» сөздерін бейнелеп отырды. Ортадағы алаңда бишілер, велоспортшылар өнер көрсетті. Салтанатты шарада 19 қазан мен 16 қараша аралығында Астана қаласының 5, 9, 11 сынып оқушылары арасында жүзу, секіру, тартылу, жүгіру, доп лақтыру сынды спорт түрлерінен сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қоса, бұл күні танымал эстрада әншілері Маржан Арапбаева, Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген, «Аламан», «Ринго» топтары көрермен көзайымына айналды. Көрерменге концерттік бағдарламамен қоса Тәуелсіздік жылдары, Елбасының еңбек жолы мен еліміздің экономикалық-саяси, мәдени даму кезеңдері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Жиылған қауымды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаған Елбасы осы күннің маңыздылығына тоқталды. Тәуелсіздік жарияланып, көшбасшы болған соң үлкен жауапкершілік жүктелгені және халықтың тапсырмасын орындағаны туралы айтты. Басқа мемлекеттер жүз жылда жете алмаған жетістіктерге Қазақстан жиырма жылда жетті. Елдікті еңселі ететін тағы бір мемлекеттік мерекенің тұсауы кесілді. Мемлекет басшысы осының бәрін айта келе экономика түзеліп, жағдай жақсарғанын, сонымен қатар, мемлекетіміздің қауіпсіздігі нығайып, Қазақстанды бүкіл дүниежүзі танығанын, еліміз үлкен құрметке бөленгенін тілге тиек етті. Болашақта осы жұмыстар жастардың қолымен әрі қарай жалғасып, 2050 жылы Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгеретінін сеніммен айтты. Елбасының айтуынша, ол кезде бәсекелестік қазіргіге қарағанда тіпті жоғары болады. Осы бәсекеде жеңіп шығу жастардың мақсат-міндеті мен жауапкершілігіне тікелей қатысты. Жібек ҚУАНЫШҚЫЗЫ

2311 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8312

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6806

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4554

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3935

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3903

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3862

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3590

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3590

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы