• Ақпарат
  • 07 Желтоқсан, 2012

Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық білуі қажет

1 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің орта оқу орындары мен мектептерінің көшбасшылары­мен кездесті. Астанадағы Ақорда резиденциясында өткен кездесуге Қазақстанның барлық өңірінен келген оқушылар, «Оқушы – көшбасшы» зияткерлік конкурсына қатысушылар, олимпиада жеңімпаздары қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жастарына құттықтау сөз арнады.

– Сіздердің қазіргі басты міндеттеріңіз – жақсы білім алу, – деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. – Сондықтан мен шетелде мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы туралы бастама көтердім. Қазіргі кезде 8 мыңнан астам қазақстан­дық шетелде білім алды. Олардың көпші­лігі бүгінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарады. Бұлар – бірнеше тіл білетін, білімді және даярлықтан өткен мамандар. Ал біздің елімізде қоғамды біріктіру ісінде мемлекеттік тіл ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық білуі қажет. Иә, әйгілі ақын Қадыр Мырза Әлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, шет жұрттарда оқып білікті маман болып, бірнеше тілді меңгерсе де әр азаматтың мемлекеттік тілді білуі басты міндетіне айналатынын Елбасымыз нақты нұсқағаны өмір талабынан туындап отырғаны күмәнсіз болса керек. Өйткені алдағы уақытта елімізде барлық мемлекеттік қызмет пен іс-шаралар мемлекеттік тілде болатыны айдан анық. Сондықтан қазірден бастап жастардың бәрі де мемлекеттік тілді меңгеруді өзінің ең басты борышы деп сезінгені жөн. Соған орай оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілді меңгеру бағытын ұстауы тиіс болмақ деп ұғынғанымыз абзал. Қ.Боқаев

2405 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8326

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6812

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4560

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3941

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3909

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3868

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3596

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3596

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы