• Мәдениет
  • 22 Желтоқсан, 2012

«Жазира Жайық» өрнектері

куандык-1Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мұражайда жергілікті жердегі «Өнер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің «Жазира Жайық» атты көрмесі өтуде. Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков батысқазақстандық суретшілердің өнерлерінде өздеріне тән сонылық, ерекшелік бар екендігіне тоқталды. Қадыр Мырза Әлі атындағы қоғамдық қордың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов «Өнер» қоғамдық қорына Қадыр Мырза Әлінің он сегіз томдығын сыйға тартып, Жайықтың әнұранына айналған «Ақ Жайық – ару мекенім» әнін нақышына келтіре шырқады. Алматы көркемсурет колледжінің ұстазы Бертілеу Рахман, әнші-композитор Гүлнар Дәукенова құттықтау лебіздерін білдірді. Біз көрме барысында Батыс Қазақстан облысындағы «Өнер» қоғамдық қорының директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдірге жолығып, сұхбаттасқан едік:

– Үстіміздегі жылдың 14-16 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры «Әлеуметтік инновациялар арқылы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту» тақырыбымен VIII рес­публикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын. Сегізінші рет өткізілген бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қо­ғам­ның тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтын, мақсат­шыл жандар жиналған еді. Жәрмеңкеде елдегі шешімін таппай жүрген кейбір қордаланған мәселелер мен олардың шешілу жолдарына қатысты жаңашыл сараптаулар жасалып, өзара тәжірибе мен идеялар алмасуға мүмкіндік болды. Іс-шараға 7 аталым бойынша 205 жоба түскен екен, соның 30-ы ғана жүлдеге ілікті. Батыс Қазақстан облысындағы «Өнер» қоғамдық қоры бұл конкурсқа «Жастарды рухани тәрбиелеу» номинациясы бойынша өз жобасын ұсы­нып, 54 жобаның ішіндегі 4 жеңімпаз­дың бірі болып танылды. Қордың ұсынған жобасының тақырыбы, жо­ғарыда өзіңіз тоқталып өткен «Батыс Қазақстан суретшілерінің «Жазира Жайық» республикалық көрмесін Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өткізу» деп аталады. Өңір суретшілерінің мұндай топтық көрмесі бұрын-соңды республикалық дәрежеде өткізілмеген еді. Сол уақытта көрменің ресми ашылуы да бекітіліп, ол 30 қарашаға белгіленген еді. Көрмеге көптеген кәсіби суретші­лердің туындылары жинақталып, олардың 100-ден астам шығармасы өнерсүйер қауым назарына ұсынылды, оны Алматының өнерсүйер қауымы мен қала қонақтары он бес күн бойы, яғни 15 желтоқсанға дейін тамашалайтын болады. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары қойылған көрмеге кәсі­би дәрежесі жоғары майталман қыл­қа­лам шеберлері, соның ішінде есімі елге белгілі суретшілер Сәкен Ғұмаров, Мұратбек Жоламановтардың, сон­дай-ақ белгілі композитор әрі су­ретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, ­Отарбай Кендір, Сатыбалды Құлбеков, Төлепберген Сарманбеков, Ерғали Бекешев, Қуандық Мәдір және тағы басқалардың сан тақырыпқа арналған туындылары қойылды. Алдағы жылдары «Жерұйық» мәдени орталығы қоғамдық қо­рымен бірлесе отырып суретшілер шығармаларын жақын-алыс шетелдерге таныстырсақ деймін. Тағы бір мақсат – бұл көрмені келер жылы Астанада ұйымдастыру. Бағдагүл Мұратқызы

3050 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8361

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6830

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4579

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3960

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3927

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3886

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3616

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3614

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы