• Ақпарат
  • 22 Желтоқсан, 2012

Аймақтар аламаны

АймакБайқау «Ән сайысы», «Би жарысы», «Дарындылар додасы» және «Қазақ күресі» атты төрт бөлімнен тұрады. Сайыста бір облыстың мүшелері өз өңірі үшін ортақ ұпай жинап, соның нәтижесі бойынша келесі айналымға өтіп отырады. Мың бұралған бишілер, күміс көмей әншілер өз аймағының намысын қорғап, өнер додасында барын салып жатса, отқа оранып, қылышпен өнер көрсеткен дарын иелері өзінің тың қойылымдарымен қазылар алқасы мен көрермен қауымды тәнті етті. Әр топтан бірлік пен намысты талап еткен бұл додаға жүзден астам өнерпаз жиналыпты. Байқау 4 кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі өте тартысты өтті. Алғашқы кезеңнен өткен Батыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақ­стан облысы және Қызылорда об­­лысы жоғары ұпай жинап, үздік се­гіз топ ретінде ширек финалға шықты. Сайыстың одан кейінгі қызықты тұстарын бағдарламадан көріп біле аласыздар. Қазылар алқасының құрамында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай, Парламент депутаты Светлана Жалмағамбетова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, педагог-хореограф Тойған Ізім, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Астана қаласы «Қазақ күресі» федерациясының вице-президенті Ғалым Құлекешов болды. Олардың пікірінше, бұл жоба жас­тарды патриоттыққа тәрбиелейтін, сондай-ақ елдің түкпір-түкпіріндегі өнерпаздарды қалың жұртшылыққа таныстыратын бірегей бағдарлама. Доданы қазақ эстрадасының сүйкімді әншісі Әйгерім Қалаубаева және әзіл майталманы Тұрсынбек Қабатов жүргізеді. Қоюшы режиссері – Жандос Құсайынов. Аймақтардың ерекшелігін даралап, артықшылығын саралаудан жалықпаған сценарий авторлары – Назым Басқын­баева және ақын Асқар Дүйсенбі. «Хабар агенттігі» АҚ Бас продюсері, белгілі журналист Ринат Кертаев осы доданың идея авторы болып табылады. Республикалық телебайқауға де­меу­ші­лік жасаған халықтың әл-ау­қа­тын көтеруді мақсат ететін «Жер-су» корпорациясы және ұлт­тық кәде­сыйлардың бірегей үлгілерін ұсынған «Әдемі-ай» компаниясы. Қалың көрер­мен бұл қызықты бағдарламаны 16 жел­тоқ­саннан бас­тап, наурыз айының соңы­на дейін әр жексенбінің кешінде «Хабар» арнасынан тамашалай алады. Соны­мен қатар, өзі жанкүйер болған об­лыс үшін дауыс беріп, «Халық таң­дауы» номинациясын иеленетін облысты анықтауға атсалыса алады. «Хабар» агенттігі бұл маңызды жобаны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуге ниеттеніп отыр. Көрермен қауым «Аймақтар алама­ны» республикалық телебайқауын Тәуел­сіздік күні, яғни 16 желтоқсаннан бастап сағат 18.40-та «Хабар» арнасынан көре алады. Алма Сайлауқызы, «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауының продюсері

3340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8210

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6746

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4494

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3875

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3842

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3804

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3532

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3528

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы