• Ақпарат
  • 22 Желтоқсан, 2012

«Әлқисса» ансамблі он жылдығын атап өтті

алкиссаАлматыдағы «Қазақконцерт» залында «Әлқисса» фольклорлы ұлт аспаптар ансамблінің құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік концерт болып өтті. Қазақтың көне аспаптарының үнін тыңдауға асыққан көрермен «Қазақ­концерт» залынан табылды. «Әлқисса» ансамблі осыдан 10 жыл бұрын құрылған болатын. Алғашқы ұйымдастырушысы Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Самат Мәлімбай. «Әлқисса» деп атын өзім қойдым. Көптен бері көкейімнен кетпей, ойлап жүрген дүнием болатын. «Әлқисса» дегеніміз қазақша айтқанда, эпос­тардың басталуы, бисмилла деген сөз. Ансамбльдің алғашқы құрамында 11 адам болды, қазір 14 адам бар. Содан бері, міне, көрермен өзі куә, «Әлқисса» ансамблі жылдан-жылға жетіліп келе жатыр. Барлығы да конcерваторияны бітірген кәсіби мамандар. Өзіміздің қасиетті кәдімгі қара домбыра, қобызымыз, қыл қобызымыз, шаң қобызымыз, жетіген, үскірік, сырнай, дауылпаз, асатаяқ сияқты қазақтың ұмыт қалған көне аспаптарын осы ансамбльде пайдаланып келе жатырмыз. Ұжым Қазақстанның барлық өңірін аралап шықты. Италияда екі рет, Францияда, Ресейде, Қырғызстан мен Өзбекстанда, Корей елінде, Қытайда гастрольдік сапарларда болып қайтты. Қазіргі көркемдік жетекшісі Қайырғазы Төлен деген азамат. Талантты дирижер. Өзі ноталарды өңдеп, жаңаша жасап, халыққа ұсынады» дейді Қазақстан Республикасының Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақконцерт» концерттік бірлестігі­нің директоры Алтынбек Қоразбаев. Мерекелік концерт ансамбльдің орындауындағы Дәулеткерейдің «Көрғұлы» күйімен ашылды. Әрі қарай «Той бастар», «Айтыс», «Балауса», «Дайрабай», «Машботой», «Жылқышының ыры», «Ою өрнек», «Көне қала Бытығай», «Ахау бозым», «Аққу», «Шернияз», «Ақшоқы», «Жал жалым», «Желдірме», «Қойшы», «Жайма қоңыр», «Жекпе-жек» сияқты ән-күйлер кештің сәнін келтірді. Көрермен тәнті болған тағы бір тұс – «Күй тартыс». Президенттік стипендияның лауреаты, «Тарту» тобының талантты домбырашысы Нүркен Әшіров пен қырғызстандық Перизат Ибраеваның күй тартысы ерекше сүйсіндірді. Күй өнерінің құдіреттілігі, күйшілердің шеберлігі риза етті. Ықыластың «Ерден» күйін орындаған жас қобызшы Сайран Ибраимова қобыздың қыр-сырын әбден меңгергендігін байқатты. Туған халқын өнердегі шеберлігімен әлі талай қуантар талантты жастың өсіп келе жатқанын аңғардық. Сондай-ақ үрмелі аспаптарда жеке орындаған Гауһар Смағұлованың «Ортекесі» де сәтті шыққан дүниелердің бірі болды. Танымал өнер иелері ­Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова, Құрманбек Әлімғазы, Бибігүл Қилымхан шарықтата шырқаған әндер жиналған қауымға шадыман көңіл күй сыйлады. Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі саналатын, халықпен бірге жасап келе жатқан көне музыкалық аспаптарымыз қазақ даласын сазға бөлеп, өткенді ұмытпай, бабалар ізін жалғастыру үшін қажет. Олай болса, тұсауын Роза Бағланованың өзі кескен «Әлқисса» әлі талай биік шыңдарды бағындырып, көрерменнің көзайымы бола беретініне кәміл сенеміз.

Бағдагүл Балаубаева

3279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7972

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6615

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4359

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3744

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3709

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3668

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3400

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3392

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы